Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

Медицина қызметкерлері күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер, біздің қадірлі дәрігерлер, эпидемиологтар, зертханашылар, профилактика мамандары және ұлт денсаулығын күнделікті қорғайтын барша жандар! Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының атынан кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Сіздердің […]

Медицина қызметкерлері күні құтты болсын!

Кәсіби мереке қарсаңында әріптестеріміздің денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесін мақтанышпен атап өтеміз. Жоғары кәсібилігі, көп жылдық еңбегі мен іске берілгендігі үшін Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен оның филиалдарының […]

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының санитарлық дәрігері «Парасат» орденімен марапатталды

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласындағы көрнекті мамандарға мемлекеттік наградалар табыс етті. Марапатталғандар қатарында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ […]

Тамақ өнімдеріндегі ГТО: әрбір адам нені білуі керек?

Генетикалық түрлендірілген организм (ГТО) — гендік инженерия технологиялары арқылы ДНҚ-ға басқа организмдердің гендері енгізілген организмдер. Неліктен мұны жасайды? Өсімдіктерді зиянкестерге, құрғақшылыққа, аязға төзімді ету, өнімділікті арттыру және сақтау мерзімін жақсарту […]

Қарақұрт — «Қара жесір»: әрбір адам нені білуі керек?

Жазғы аптаптың басталуымен Қазақстанда ең қауіпті жәндіктердің бірі — қара жесір ретінде белгілі қарақұрттың белсенділігі артады. Ұлттық энциклопедия деректері бойынша, қарақұрттар Қазақстанның шөлді және дала аймақтарында, әсіресе үнемі ыстық болатын […]

Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинация жалғасуда

Қазақстан Республикасында 2025 жылдың сәуір айынан бастап жатыр мойны обыры дамуының негізгі қауіп факторларының бірі — адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинацияның екінші кезеңі өтіп жатыр. 2025 жылғы 5 маусымдағы […]

Балалар мен сауықтыру лагерьлерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды ұйымдастыру және тамақтан уланудың алдын алу мәселелері жөніндегі республикалық вебинар.

ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалы балалар және сауықтыру лагерьлерін бақылауды ұйымдастыру және тамақтан уланудың алдын алу бойынша вебинар өткізді, […]

Суды дұрыс ішу – өз денсаулығыңа жасаған қадам.

Неліктен ішу режимін сақтау маңызды? Су ағзадағы барлық процестер үшін өте маңызды: ол дене температурасын реттейді, метаболизмге қатысады, токсиндерді кетіреді, жүректің, мидың және ас қорыту органдарының жұмысын қолдайды. Тіпті жеңіл […]

Кешенді тәсіл — тұрақты дамудың негізі: қоршаған ортаға және денсаулыққа әсер ету жағдайын бағалау әлеуетін нығайту

Атырау облысында 2025 жылы 3 маусымда онлайн-форматта стратегиялық семинар өтті. Бұл семинар Қазақстан Республикасының негізгі өнеркәсіп өңірлерінің бірі – Атырау облысындағы қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына әсер ету жағдайын бағалау […]

Дүниежүзілік велосипед күніне орай ДДҰ «Қане, қозғалайық!» науқанын іске қосты

Дүниежүзілік велосипед күніне орай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық аймақтық бюросы ресми түрде жаңа «Қане, қозғалайық! Көбірек жаяу жүру мен велосипед тебудің 100 себебі» науқанын іске қосты. Бастама белсенді […]

Жапырақты көкөністер мен аскөк: олар неліктен пайдалы және сапалы өнімді қалай таңдауға болады?

Дұрыс тамақтану қарапайым шешім қабылдаудан басталады — олардың бірі — рационға көбірек жапырақты көкөністер мен аскөкті қосу. Бұл өнімдер дәмді әрі әмбебап қана емес, сонымен қатар адам ағзасына өте пайдалы […]

Қазақстан маманы төтенше жағдайларды басқару бойынша IVLP халықаралық бағдарламасына қатысты

2025 жылдың 3–24 мамыр аралығында Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ТЖ жөніндегі жедел орталықтың бас маманы Балмағамбетов Арыстан АҚШ Мемлекеттік департаменті ұйымдастырған беделді International Visitor Leadership Program (IVLP) халықаралық бағдарламасына қатысты. […]

Алматыда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын диагностикалау бойынша негізгі тренинг өтті

Алматыда 2025 жылы 28–30 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (ҚДСҰО) зертханалық тренинг орталығында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын (КҚГҚ) зертханалық диагностикалаудың – ИФА […]

Астана қаласында қызылша, қызамық, көкжөтелді және популяциялық иммунитеттің жай-күйін эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру бойынша халықаралық семинар өтті

Тұтынушылардың құқықтары мен адам әл-ауқатын қорғау саласын қадағалау жөніндегі Федералды қызметтің Г.Н.Габричевский атындағы Мәскеу эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институты (бұдан әрі- Г.Н. Габричевский ат. МЭМҒЗИ ФБҒМ) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау […]

Бір тәрелке — сенің энергияң, денсаулығың және әдемілігің

Дұрыс тамақтанғың келеді, бірақ күрделі схемаға дайын емессің бе? Қарапайым бағдар бар — дұрыс тамақтану тәрелкесі. Былай көрінеді: 1/2 тәрелке — көкөністер мен жемістер. Шырынды, айқын, маусымдық. Түсі неғұрлым көп […]

Гербицид 2,4-Д қышқылы, оның тұздары және олардың адамға уытты әсері

Гербицидтер қазіргі агроөнеркәсіпте маңызды рөл атқарады, арамшөптерді тиімді бақылау есебінен өнімділікті арттыруға ықпал етеді. Ең танымал және кеңінен қолданылатын гербицидтердің бірі — 2,4-дихлорфеноксисірке қышқылы немесе 2,4-Д. Тұздар мен 2,4-Д эфирлер […]

«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ аумағындағы жағдай бақылауда: ластаушы заттардың артуы тіркелмеген

19 мамырда «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ хлор сутегінің шығарындысы туралы дабыл келіп түсті. Газ құбырларын тазарту бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу кезінде хлор сутегінің атмосфералық ауаға түскені анықталды. СЭБД, ҰСО, ТЖД […]

Кене энцефалитінің алдын алу шаралары туралы

2025 жылы эндемиялық аумақтарда апта сайын иксод кенелері шаққан халықтың қаралу санының артқандығы байқалады. Кенелердің белсенділік маусымы басталғаннан бері зардап шеккен 6400-ден астам адам медициналық көмекке жүгінді, оның ішінде 40%-ы […]

Радон мен оның еншілес өнімдерінің зияны

Радон (Rn222) – түсі, иісі және дәмі жоқ радиоактивті газ. Ол жер қыртысында, топырақта және кейбір құрылыс материалдарында болатын уранның ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Радон тұрғын үй және өндірістік ғимараттарға іргетастағы саңылаулар, […]

ҚР-да туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуал: 2025 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы

2025 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,1%-ға дейін төмендеді. Осы кезеңде туберкулездің жаңа 2260 жағдайы тіркелді, бұл 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы 2586 […]

Тері антисептигі: пайдасы қандай, зияны қандай?

Қазір дүние жүзінде тері антисептиктері біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Олар медициналық практикада, тұрмыстық гигиенада және өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Әсіресе, COVID-19 пандемиясынан кейін бұларды қолдану өсті. Тері антисептиктері дегеніміз […]

Республикалық вебинар «Менингококк инфекциясы және қажылық: хадж және умра кезінде денсаулықты қалай қорғауға болады»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – ҰҚДСО) 2025 жылдың маусым айында Қазақстаннан Сауд Арабиясы Корольдігіне қажылыққа баратын қазақстандық қажылыққа барушылардың сапары басталатынын […]

Қажылыққа баратын қазақстандықтарға Қажылық-2025 алдында медициналық талаптарды сақтау керектігін еске салады

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы 2025 жылы Сауд Арабиясына қажылыққа баруды жоспарлап отырған азаматтарға қажылық кезінде денсаулықты сақтауға көмектесетін шаралар туралы ескертеді. Қажылық айтарлықтай физикалық және психоэмоционалды күш-жігерді […]

Қол гигиенасы бойынша Дүниежүзілік іс-шараға қатысу туралы

2025 жылғы 5 мамырда Астана және Алматы қалаларында ҚР ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мамандары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бастамасын қолдай отырып, 2008 жылдан бері жыл сайын аталып […]

5 мамыр — Дүниежүзілік қол гигиенасы күні: Адам өмірін сақтайтын қарапайым ғана қимыл

Дүниежүзілік қол гигиенасы күні бізге қарапайым, бірақ өмірлік маңызды іс-әрекет — қол жууды еске салады, бұл медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың (МКБИ) алдын алудың негізгі элементі және пациенттердің қауіпсіздік мәдениетінің […]

Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарындағы тамақтану стандарттары

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Алматы қаласында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «СЭСжМҒПО» филиалының мамандары ҚР ДСМ 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау және […]

Неліктен антибиотиктер көмектеспейді?

Британдық микробиолог Александр Флеминг пенициллинді алғаш рет бөліп алған кезден бастап адамзат оба мен тырысқақ індеттерін бақылай алатын болды. Балалар скарлатинамен және дифтериямен аз ауыра бастады, бұл аурулардан қайтыс болу […]

«Мектептегі тамақтану: білім беру ұйымдарында Тамақтану стандартын енгізу» атты дөңгелек үстел

2025 жылы 23 сәуірде білім беру ұйымдарында тамақтану стандартын енгізу шеңберінде «Мектептегі тамақтану: білім беру ұйымдарында Тамақтану стандартын енгізу» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – Тамақтану стандартын іске асыру үшін […]

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы қоғамдық денсаулық саласындағы төтенше жағдайларды басқару бойынша тәжірибе алмасу семинарының қорытындыларын жариялады

Алматы қаласында 2025 жылдың 23–24 сәуірінде қоғамдық денсаулық саласындағы төтенше жағдайларды басқару бойынша тәжірибе алмасу және алынған сабақтарды талқылау жөніндегі екі күндік семинар аяқталды. Іс-шараны Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы […]

25 мамыр – Дүниежүзілік безгекпен күрес күні–2025

Жыл ұраны «Безгекті жояйық: қайта инвестициялау, қайта ұғыну, жаңарту» Безгек – адам өміріне қауіп төндіретін ауру, жыл сайын осы аурудан жүздеген мың адам қайтыс болады. Әсіресе осал балалар, жүкті әйелдер […]

Конго-қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ)

Бұл аса қауіпті инфекция. КҚГҚ-мен ауырған адамдардың 40%-ы қайтыс болады. КҚГҚ вакцинасы жоқ! Конго Қырым геморрагиялық қызбасы қалай жұғады? кене шаққанда; кенені жалаң қолмен езу – жаншу; жануарларды сою, бөлшектеу кезінде; […]

Қазақстан Республикасында кене энцефалиті бойынша жедел мәлімет

Эпидемиологиялық маусымның басталуымен, әсіресе эндемиялық аймақтарда 1300-ден астам адам кене шағуына байланысты медициналық көмекке жүгінді. Медициналық көмекке ең көп жүгінгендер саны Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (тиісінше […]

Жезқазғанда 900-ден астам оқушы денсаулық және салауатты өмір салты мәселелері бойынша іс-шаралар цикліне қатысты

14-18 сәуір аралығында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары Жансая Хамит пен Диана Тургунова Ұлытау облысының білім беру мекемелерінде семинар, дәріс мен тренинг циклін өткізді. Ағарту науқаны аясында Жезқазғанның 10 […]

Ішек инфекцияларының қоздырғыштары

Ішек инфекцияларының қоздырғыштары – асқазан-ішек жолының айрықша зақымдануымен әртүрлі микроорганизмдер тудыратын аурулардың үлкен тобы. Аурудың 5000-ға дейін нозологиялық түрері белгілі. Ішек инфекцияларына дизентерия, шигеллез, сальмонеллез, сүзекті-паратифозды аурулар (іш сүзегі, А […]

Сыраның сапасын бақылау: микробиологиялық қауіптердің алдын қалай алуға болады?

Сыра – бұл ашытқының ерекше түрлері қосылған құлмақтан, арпа уытынан жасалған алкоголі аз сусын. Сыра ашыту, ашытқының әсерінен қантты алкоголь мен көмірқышқыл газына айналдыру арқылы жасалады. Тұтынушыға ұсынылатын сыраның барлығы сапалы […]

В және C вирустық гепатиттерін ерте анықтау – табысты емдеудің кілті!

Референс-лаборатория вирустық инфекцияларды бақылау бойынша, «НПЦСЭЭиМ» РГП на ПХВ «НЦОЗ» МЗ РК филиалының құрылымдық бөлімшесі, елімізде вирустық гепатиттер B және C-нің заманауи диагностикасының жоғары стандарттарын қамтамасыз етеді. Неліктен гепатитке анализдерді […]

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК 2025 жылы 28 сәуірден сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастайды. Бұл жұмыс «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» […]

Швецияның Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігімен медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуде микробқа қарсы препараттарға төзімділік мәселелері бойынша өткен онлайн кездесу

2025 жылы 10 сәуірде Швецияның Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі өкілдерінің қатысуымен медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) жүйесінде микробқа қарсы препараттарға төзімділікпен (МҚПТ) күрес жөніндегі бастамаларды іске асыруда халықаралық ынтымақтастық және Қазақстанды […]

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында Еуропалық иммундау апталығына (EИА) арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

2025 жылғы 10-11 сәуірде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитарлық эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның мақсаты […]

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Колумбия университеті жанындағы ICAP-пен бірлесіп, Қазақстанда «Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларды басқару жүйесін нығайту» жобасын іске қосады

Үстіміздегі жылы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында (ҚДСҰО) Колумбия университеті жанындағы ICAP-пен серіктестікте Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтаудағы төтенше жағдайларды басқару (ҚДСТЖБ) саласындағы кадр әлеуетін нығайтуға және кадрларды оқытуға бағытталған жоба […]

Паразитологиялық көрсеткіштерге суды санитариялық-паразитологиялық зерттеу рөлі

Су – барлық тірі жүйелердің жұмыс істеуі үшін қажетті құрамдас бөлік. Адам күніне орта есеппен 2,5 литрге дейін су ішетіні белгілі. Дегенмен судың құрамында пайдалы элементтердің болуымен қатар, онда адам […]

Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін персонал үшін нені білу маңызды

Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу радиацияның қызметкерлердің денсаулығына зиянды әсерін болдырмау үшін радиациялық қауіпсіздіктің барлық нормалары мен ережелерін қатаң сақтауды талап етеді. Мұндай көздермен жұмыс істейтін қызметкерлер үшін бірнеше негізгі […]

АБАЙЛАҢЫЗ! Кене энцефалиті!

Бүгінгі таңда Қазақстанның көптеген өңірлерінде бірқатар қауіпті инфекцияларды тасымалдаушылардың — иксод кенелерінің белсенділігі тіркелуде, олардың арасында кене энцефалитінің өзектілігі үлкен. Кене энцефалиті – табиғи-ошақты, инфекциялық, вирустық ауру, ол негізінен орталық […]

7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күні

7 сәуірде бүкіл әлем Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтеді, биылғы жылы «Салауатты өмір сүру – гүлденген болашақтың кепілі» ұранымен өтеді және аналар мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығын сақтауға бағытталған ақпараттық […]

Астанада АПВ вакцинациясы бойынша маңызды конференция өтті

2025 жылғы 2 сәуірде Астанада адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинация мәселелеріне арналған маңызды конференция өтті. Іс-шараға эпидемиология, онкогинекология және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жетекші мамандар, медициналық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ […]

2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні

Бұл күнді 2008 жылдың 21 қаңтарында БҰҰ Бас Ассамблеясы аутистік спектрі бұзылған (АСБ) адамдарға көңіл бөлу және олардың инклюзивті қоғамда лайықты өмір сүру құқығын қолдау үшін бекітті. Негізгі міндеті – […]

Бангкоктағы халықаралық семинар: антибиотиктерге төзімділікпен күресте медициналық-санитариялық алғашқы көмекті нығайту

С 18 по 20 наурыз 2025 жылы Бангкок қаласында (Тайланд) антимикробтық препараттарға төзімділікпен күрес мәселесіне арналған халықаралық семинар өтті. Семинарда бастапқы медициналық-санитарлық көмек тәсілі қолданылды. Бұл шараны Азия-Еуропа қорының қоғамдық […]

Полиэтиленнің қаупі неде?

Полиэтилен – қаптама материалдарын, пластикалық пакеттерді, бөтелкелер және басқа да бұйымдар өндірісінде неғұрлым кеңінен қолданылатын пластиктердің бірі болып табылады. Оның үнемділігіне қарамастан, полиэтилен қоршаған орта мен адам денсаулығына айтарлықтай қауіп […]

Ақмола облысында инфекциялардың профилактикасы және инфекциялық бақылау

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (бұдан әрі — ҚДСҰО) Ақмола облысының босандыру ұйымдарында медициналық қызметтердің сапасын арттыру және инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылы 25-27 наурыз аралығында […]

Көктемгі мереке кезінде шетелге сапарлап шыққан кезде ескеретін нәрселер

Көктемгі мерекелердің келуімен көптеген адамдар отбасымен уақыт өткізу үшін, жақсылап демалып, көңілін көтеру үшін шетелге шығуды жоспарлайды. Алайда осы кезеңде сапарға шығу қауіпсіздік, денсаулық және жергілікті ережелерді сақтау мәселелеріне ерекше […]

Медицина қызметкерлерін, пациенттерді және олардың туыстарын оқыту – инфекциялардың профилактикасы мен инфекциялық бақылаудың негізгі элементі

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДСҰО) Инфекциялардың профилактикасы және инфекциялық бақылау (ИПИБ) бойынша Практиктер қауымдастығы платформасын белсенді түрде дамытуда. Бұл бастама ИПИБ шараларының тиімділігін арттыруға, жұмыс істеп жүрген эпидемиологтар арасында […]

Құтыру: алдын алуға болатын өлім қаупі

Жыл сайын дүние жүзінде бұл аурудан 300 мыңға жуық адам және шамамен 1 000 000 жануар өледі. Қазақстанда соңғы 10 жылда (2015–2024 жж.) адамдар арасында 25 құтырма жағдайы тіркелді. Құтырма […]

“Қызметкерлерге, келушілерге және пациенттер үшін инфекциялық бақылау мәселелері жөніндегі оқытуды ұйымдастыру» тақырыбы бойынша вебинарға шақырамыз

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы медициналық ұйымдарда инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау шараларының тиімділігін арттыру мақсатында өткізілетін Тәжірибелік қауымдастықтың кезекті кездесуге госпитальдық эпидемиологтарды қатысуға шақырады. Тақырып: «Инфекциялық бақылау мәселелері […]

Еуропалық иммундау апталығына – 2025 арналған халықаралық конференция

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» 2025 жылғы 10–11 сәуірде Еуропалық иммундау апталығына (ЕИА) орай халықаралық конференция өткізуді жоспарлап отыр. Конференцияның мақсаты – барлық қауымдастықтарда вакцинациямен […]

ҚДСҰО мен ҚазҰМУ арасындағы стратегиялық ынтымақтастық

2025 жылы 14 наурызда ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДСҰО) мен С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. «Бұл меморандум ғылым […]

Денсаулық сақтау саласындағы ғылымды дамыту перспективалары

2025 жылы 14 наурызда ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Өлкелік санитарлық-эпидемиологиялық институттың, қазіргі «Х.Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» (бұдан әрі — Орталық), құрылғанына 100 жыл толуына […]

Қатерлі ісік дерті дендеп барады

Елімізде жыл сайын жатыр мойны обырынан 600-ден астам әйел көз жұмады. Қатерлі ісік көбінесе адам паппилома вирусынан туындайды, сондықтан екпе алу маңызды-дейді дәрігерлер. Осы ретте, былтыр мектептерде қыз балаларға тегін […]

Қазақстандағы туберкулез жағдайын басқару бойынша республикалық семинар-тренинг

2025 жылы 5-6 наурызда Алматыда «Қазақстан Республикасында туберкулез және туберкулез инфекциясы жағдайларын басқару» атты республикалық семинар-тренинг өтті. Іс-шараға Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының (ҰФҒО), Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (СЭБК), Қоғамдық денсаулық сақтау […]

Қызылша мен қызамықты диагностикалаудағы заманауи жетістіктер

Қызылша мен қызамық – бұл ауа-тамшылық жолмен берілетін жұқпалылығы жоғары вирусты инфекциялар. Диагностикалау неліктен маңызды? Инфекцияны ерте анықтау емдеуді дер кезінде бастауға және асқынуларды болдырмауға ғана емес, сонымен қатар вирустың […]

Дүниежүзілік семіздікпен күрес күні: Қазақстандағы проблеманың өзектілігі және алдын алу шаралары

2025 жылы 4 наурызда Дүниежүзілік семіздікпен күрес федерациясының бастамасымен жыл сайын Дүниежүзілік семіздікпен күрес күні атап өтіледі. Бұл іс-шара семіздік мәселесі, оның салдары және алдын алу әдістері туралы хабардарлықты арттыруға […]

Қазақстандағы геморрагиялық қызба: жаңа деректер мен ұсынымдар

Бүйрек синдромды геморрагиялық қызба (БСГҚ) – жіті вирустық ауру, ол ұсақ буындардың зақымдалуымен, геморрагиялық диатезбен және бүйрек функциясының бұзылуымен сипатталады. Вирустың негізгі тасымалдаушылары сары құмтышқан сияқты тышқан тәріздес кеміргіштер болып […]

АПВ туралы хабардар болу: ДДҰ мен Қазақстан денсаулық үшін бірге – мамандар алғыс хатпен марапатталды

16-17 қараша аралығында ДДСҰ елдік кеңсесі вакцинацияның маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыруға арналған іс-шара өткізді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы осы іс-шараны ұйымдастыруға белсенді қатысып, АПВ-ға […]

Сүт өнімдеріндегі қант

Сүт өнімдерінің құрамында табиғи қант (лактоза), сонымен қатар қосылған қант болады. Табиғи лактоза қауіп төндірмейді, ал қосылған қанттың мөлшерден көп болуы денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін. Қант мөлшерін бақылау үшін […]

Пластмассадан жасалған ойыншықтар: сатып алған кезде неге көңіл бөлу керек?

Пластмассадан жасалған ойыншықтар беріктігімен, күтімінің қарапайым болуымен және қолайлы сақталуымен ерекшеленеді. Алайда таңдау кезінде бұйымның сыртқы түрі мен функционалдығын ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік деңгейін де ескеру қажет. Негізгі қауіп […]

Қазақстан Республикасында медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялармен сырқаттанушылық туралы 2024 жылғы талдау

2024 жылдың қорытындысы бойынша медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялар (бұдан әрі – МКБИ) бойынша эпидемиологиялық ахуал ауруханаға жатқызылған 1000 пациентке шаққанда 0,12 (346 жағ. 2024 ж.) 2023 жылдың деңгейінде (0,13 (387 […]

2024 жылы Қазақстанда тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне 750 мыңнан астам зерттеу жүргізілді

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі адам денсаулығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстанда қауіпті микроорганизмдер мен химиялық заттармен ластанған су немесе тамақ өнімдерінің ағзаға түсуінен болатын ауру жағдайлары жыл сайын тіркелуде. Дүниежүзілік […]

Денсаулық сақтау министрлігі фертилдік жастағы әйелдерді профилактикалық қарап-тексерулердің сапасын жақсартуға ниетті

Акушерлік-гинекологиялық көмектің сапасын арттыру жөніндегі одан әрі шаралар Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың төрағалығымен босандыру қызметінің жұмысын жетілдіру жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында қаралды. ДДҰ бағалауы бойынша, Қазақстан осы көрсеткішті жақсарту […]

Қазақстандағы Конго-қырым геморрагиялық қызбасы: 2024 жылғы сырқаттанушылық динамикасы және алдын алу шаралары

Қазақстанда 2024 жылы Конго-қырым геморрагиялық қызбасының (КҚГҚ) 24 жағдайы тіркелді, бұл өткен 2023 жылмен салыстырғанда 60,0%-ға аз (40 жағдай). Алайда, ауру жұқтыру қаупі әсіресе еліміздің Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары және Шымкент […]

Қазақстанда туберкулездің алдын алу

Құрметті әріптестер және шақырылған қонақтар! 2025 жылдың 24 ақпанынан 24 наурызына дейін біздің Республикада туберкулезбен күресудің Дүниежүзілік күніне арналған туберкулезді алдын алу айлығы басталады. Бұл Қазақстан азаматтарының осы аурумен күресуге […]

Ғалымдарға арналған жасанды интеллект: деректерді автоматтандырудан талдауға дейін

2025 жылы 18-20 ақпанда тренинг орталығы базасында гибридті форматта (онлайн/офлайн) Ғылым және кәсіби даму бөлімі «Ғалымдарға арналған жасанды интеллект: деректерді автоматтандырудан талдауға дейін» тақырыбында оқыту сабағын өткізді. Бүгінгі таңда ЖИ […]

Төтенше жағдай кезіндегі тиімді тәуекел-коммуникация

Бүгін, 2025 жылы 20 ақпанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Қазақстандағы Елдік кеңсесінің алаңында дөңгелек үстел өтті. Бұл шараны ДДҰ Елдік кеңсесімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық […]

Аккредиттеу: шағын және орта бизнес мүмкіндіктерін кеңейту

2025 жылы 19 ақпанда Алматы қаласында Ұлттық аккредиттеу орталығы ұйымдастырған форум өтті. Форумға директордың санитарлық-гигиеналық қызмет жөніндегі орынбасары Ғ.Д. Надуев пен жұқпалы аурулардың алдын алу департаменті директорының орынбасары А.Т. Искакова […]

Қазақстандағы микробқа қарсы тұрақтылықты эпидемиологиялық қадағалау және инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау мәселелері жөніндегі кеңес

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ағымдағы жылдың 14 ақпанында облыстардың, Алматы, Астана және Шымкент қалаларының Денсаулық сақтау басқармаларының өкілдерімен, сондай — ақ облыстар мен медициналық ұйымдардың штаттан тыс […]

2024 жылы Қазақстанда 1800-ден астам бала буллинг туралы мәлімдеді

ҚДСҰО жүргізген «Мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы» (HBSC) деп аталатын зерттеу деректері бойынша Қазақстанда балалардың 17,5% — ы уақыт өте келе буллингке ұшырайды, сауалнамаға қатысқан жасөспірімдердің 6,8% — ы […]

Инфекциялардың профилактикасы және инфекциялық бақылау жөнінде семинар

Инфекциялардың профилактикасы және инфекциялық бақылау (бұдан әрі-ИПИБ) жөніндегі Ұлттық жоспарды іске асыру аясында және ИПИБ стандарттары мен озық тәжірибелері туралы білім деңгейін арттыру мақсатында 2025 жылы 12 ақпанда ҚР ДСМ […]

ИПИБ госпитальдық эпидемиологтары қауымдастығының кездесуі

2025 жылы 12 ақпанда ИПИБ госпитальдық эпидемиологтары қауымдастығының кезекті кездесуі аясында «University Medical Center» корпоративтік қорының эпидемиолог-дәрігері Есенова Дана Қайруллақызы «Хирургиялық жара инфекцияларының алдын алу» тақырыбында баяндама жасады. Бүгінгі күні […]

«Қазақстандағы микробқа қарсы тұрақтылық» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2025 жылғы 12 ақпанда Астанада «Қазақстанда микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу: сектораралық ынтымақтастық үшін жетістіктер, сын-тегеуріндер және одан арғы қадамдар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара жұмысына БҰҰ Азық-түлік және ауыл […]

Конго Қырым геморрагиялық қызбасын алдын алу

Конго Қырым геморрагиялық қызбасы — адамдарды вирусты кене шаққан кезде, үй және ауылшаруашылығы жануарларына жабысқан кенелерді жалаң қолмен жұлу, езу-жаншу кезінде жұғады. Сонымен қатар, Конго Қырым геморрагиялық қызбасымен ауырған науқасқа […]

Хирургиялық жара инфекцияларының алдын алу

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы госпитальдық эпидемиологтарды медициналық ұйымдарда инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау шараларының тиімділігін арттыру бойынша практиктер қауымдастығының кезекті кездесуіне қатысуға шақырады. Тақырыбы: «Хирургиялық жара инфекцияларының алдын […]

Қол гигиенасын сақтау пациенттердің өмірі мен денсаулығын сақтайды!

 2025 жылы 5 ақпанда Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы медициналық ұйымдарда инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау шараларының тиімділігін арттыруға арналған онлайн-вебинар ұйымдастырып, Практиктер (госпитальдық эпидемиологтар) қауымдастығының кездесуін өткізді. Іс-шара […]

Сергіткіш сусынның сергелдеңі

Елдегі әр бесінші бала сергіткіш сусынға құмар. Тіпті осы тәтті суға тәуелділері бар. Ел іші «энергетик» атап кеткен сусынның дәмі тіл үйіріп, бойға қуат бергендей көрінгенмен сан түрлі ауруға себеп […]

Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг қорытындысы, атмосфералық ауаның ластануының халық денсаулығына әсері» тақырыбы бойынша жұмыс кеңесі

2025 жылғы 28 қаңтарда «ҚДСҰО» ШЖҚ РМК-ның Х. Жуматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы филиалының профилактикалық медицина, гигиена және экология зертханасының қызметкерлері – м.ғ.к. Досмұхаметов А.Т. және м.ғ.к. Әділгірейұлы […]

Медициналық ұйымдар деңгейінде инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау жөніндегі іс-шараларды өзіне-өзі бағалау жүйесі

2025 жылы 29 қаңтарда Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы эпидемиологтар қоғамдастығы үшін медициналық мекемелерде инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау шараларының тиімділігін арттыруға арналған онлайн-конференция өткізді. Конференцияның тақырыбы: «Медициналық ұйымдар […]

COVID-19-дың жаңа түрі: Денсаулық министрлігі қазақстандықтарға маңызды ақпаратпен жүгінді

«Жақында Қазнетте коронавирус инфекциясының жаңа түрі пайда болды-мыс деген ақпарат жайлады. Осыған байланысты бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеме жасады» деп хабарлайды Zakon.kz. Комитетте ақпараттың жалған екенін […]

Хабарландыру: эпидемиологтарға арналған ZOOM конференциясы!

Құрметті әріптестер! Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы сіздерді медициналық ұйымдарда «Инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау (ИАИБ) шараларының тиімділігін арттыру бойынша тәжірибелер қауымдастығының» кезекті отырысына қатысуға шақырады. 📌 Тақырыбы: «Медициналық […]

«Бірыңғай денсаулық» (ЮСАИД) офисінің директоры Брэд Арсеноның Қазақстан Республикасы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы СЭСжМҒПО филиалына жұмыс сапары

Алматы қаласында 2025 жылы 24 қаңтарда ҚДСҰО Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының базасында ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма төрағасы А.С. Есмағамбетова АҚШ Халықаралық даму агенттігінің «Бірыңғай денсаулық» […]

Эхинококкоз: субөнімдерді қалай тануға және денсаулығыңызды қалай қорғуға болады?

Эхинококкоз – бұл организмге паразит жұмыртқаларның түсуі арқылы берілетін қауіпті паразиттік ауру. Қазіргі кезде эхинококкоз Орталық Азия елдері мен Қазақстандағы қоғамдық денсаулық саласындағы өзекті мәселе болып отыр. Эхинококкоз республика аумағында, […]

ҚДСҰО ICAP-пен бірлесіп қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ТЖ басқару жүйесін нығайту жөніндегі Үйлестіру кеңесін өткізді

Биылғы 24 қаңтарда Қазақстандағы АҚШ Колумбия университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі жанындағы қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларды басқару жүйесін нығайту ICAP-пен бірлесіп, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы […]

ДДҰ-ның «Салауатты қалалар» еуропалық желісі: Шымкент қ.

Бүгін, 23 қаңтарда Шымкент қаласының ДДҰ-ның «Салауатты қалалар» Еуропалық желісіне қосылу мәселесіне арналған онлайн-кеңес өтті, оған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен Гүлнар Сарсенбаева, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасынан Нұрлыбек Асылбеков, […]

Тәртіптік жауапкершілік

ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК (бұдан әрі — Кәсіпорын) Кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбек тәртібін қолдауға бағытталған жұмыстарды тұрақты түрде жүргізеді.Кәсіпорынның ішкі құжаттарымен (бұйрығымен, ережесімен) тәртіптік комиссия құрылды, […]

Бос жұмыс орындары

Диас Бейбітұлы Қожа – ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің басшысыТел.: +7 775 733 09 30Почта: d_kozha@hls.kz Түйіндемені келесі электрондық почтаға жіберу қажет: secretariat@hls.kzҚосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 (7172) 95-41-54. […]

Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер

Денсаулықты қолдайтын мектеп — бұл білім беру ұйымы, ол сана-сезіммен, жүйелі және жоспарлы түрде білім беру және әлеуметтік ортаны құрып, әрбір бала, жасөспірім, мұғалім және ата-ана үшін физикалық, психикалық, әлеуметтік […]