Халықаралық ғылыми – тәжірибелік журналы
«Салауатты өмір салтын қалыптастырудың, аурудың алдын алудың және денсаулықты нығайтудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік журналы 2002 жылдан бері шығарылады.
Құрылтайшысы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығы.
№ 2178-Ж 01.08.2001 ж. Бұқаралық ақпарат құралдарының есепке қойылуы туралы куәлігі.
Журналда халықтың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясат, профилактикалық денсаулық сақтаудың стратегиялық аспектілері және салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мәселелері жарияланады.
Бұл журнал денсаулық сақтаудың ұйымдастырушыларына, медициналық мекемелердің және ірі ғылыми- зерттеу орталықтарының жетекшілеріне арналған.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығы «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың, аурудың алдын алудың және денсаулықты нығайтудың өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми – тәжірибелік журналына жазылуды ұсынады.
ISSN 2223-2931