Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

ҚДСҰО Жамбыл облысында инфекциялық бақылау бойынша оқыту өткізді


Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Жамбыл облысындағы Қалалық перинаталдық орталықтың медицина қызметкерлеріне инфекциялық бақылау мәселелері бойынша оқыту өткізді. Іс-шара ана мен бала денсаулығын қорғау ұйымдарында инфекциялық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталды.

Оқытуды ҚДСҰО инфекциялық бақылау және антимикробтық төзімділікті үйлестіру бөлімінің басшысы Гаухар Агажаева мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы Динара Омарова жүргізді.

Бағдарлама аясында клиникалық бөлімшелерде жұмыс барысына бағалау жүргізіліп, медицина қызметкерлері үшін жұмыс орындарында практикалық сабақтар мен трейсер-визиттер өткізілді. Сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының IPCAF құралы арқылы инфекциялық тәуекелдер бағаланды.

Оқу қорытындысы бойынша медициналық ұйымға инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған нақты ұсынымдар берілді.