Миссиясы: санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің функцияларын интеграциялау, ғылыми-практикалық зерттеулер жүргізу, медициналық кадрларды даярлау, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы қоғамдық денсаулықты нығайту.
Пайымдауы: халықтың денсаулығын сақтау және нығайту бойынша ғылыми- практикалық қызметтің озық үлгісін іске асыратын жоғары беделді және жоғары білікті кадрлары бар Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы.
Құндылықтары / этикалық қағидаттары:
Көшбасшылық – қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі функцияларын ұйымдастыру және жүзеге асыру саласында бірінші болу.
Кәсібилік — жоғары кәсіби мамандар командасы, дәлелді медицина негізінде деректерді пайдалану, кадрлық әлеуетті арттыру.
Клиентке бағдарлану — Орталықтың қызметтерін тұтынушылардың қанағаттанушылығының жоғары деңгейі, ұзақ мерзімді сенімді қарым-қатынастар.
Алқалылық — қызметкерлермен сенімді және адал серіктестік. Біз – ресурстарды ұтымды пайдалану және салауатты өмір салты үшін.
Креативтілік — жаңа сараптама әдістемелерін енгізу, ғылыми-практикалық зерттеулер жүргізу.