Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕЛЕР

ПИИК-ТІҢ 2022-2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҰЛТТЫҚ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ


НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

ҰЛТТЫҚ ЕСЕПТЕР

ПИИК ЖӘНЕ МИКРОБТАРҒА ҚАРСЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚ (АМР) БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ

ҚОЛ ГИГИЕНАСЫ

Қол гигиенасы — инфекциялардың алдын алудың ең тиімді, қолжетімді жене ғылыми дәлелденген шараларының бірі. Қол гигиенасын дұрыс және уақытында орындау медициналық көмекті көрсету кезінде инфекциялардың берілу қаупін едәуір азайтып, пациенттер мен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ұсынымдарына сәйкес, қол гигиенасы инфекциялық профилактика және инфекциялық бақылау (ИПИБ) жүйесінің негізгі компоненті болып табылады және медициналық ұйымдарда қауіпсіз күтім мәдениетін қалыптастырудың маңызды элементі болып саналады.

ДДҰ ұсынған стратегиялар мен нұсқаулықтар, сонымен қатар көптеген дайын практикалық құралдардан тұратын мультимодальды жақсарту пакеті ең тиімді тәсіл болып табылатыны дәлелденген және практикадағы жетілдіруге әкеледі. Қол гигиенасын жақсарту бағдарламалары медициналық көмек көрсету кезінде алдын алуға болатын инфекциялардың 50%-ына дейін алдын алу мүмкіндігін береді және жүзеге асыру шығындарын орта есеппен 16 есе азайтуға ықпал етеді


ГОСПИТАЛЬДЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГТАР ПРАКТИКТЕРІНІҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

Инфекциялардың профилактикасы және инфекциялық бақылау (ИАИБ) —инфекциялардың алдын алуға, пациенттер мен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, дәлелдерге негізделген практикалық тәсіл.

ИПИБ саласындағы озық тәжірибелерді ілгерілету, медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылау шараларын үйлестіру мен мониторингтеуге жауапты мамандардың кәсіби әлеуетін арттыру мақсатында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДСҰО) ICAP жобасының Қазақстандағы қолдауымен 2023 жылы госпитальдық эпидемиологтар практиктерінің қауымдастығын құрды.

2024 жылдан бастап ҚДСҰО Қауымдастықтың кездесулерін жүйелі түрде ұйымдастырып, тәжірибе алмасуға, практиканың өзекті мәселелерін, жаңа нормативтік құқықтық актілерді талқылауға және ИПИБ саласындағы инновациялық тәсілдерді енгізуге жағдай жасап келеді.

Қауымдастық ИПИБ жауапты стационарлық және амбулаториялық медициналық ұйымдардың мамандарына бағытталған және келесі мақсаттарды көздейді:

  • ИПИБ стандарттары мен үздік тәжірибелері бойынша біліктілікті арттыру және білімді тереңдету;
  • ИПИБ іс-шараларын енгізу тиімділігін арттыру;
  • медициналық ұйымдар арасында тәжірибе алмасу және табысты шешімдерді тарату.

Қауымдастық мүшелері ұлттық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтетін тақырыптық вебинарлар мен кәсіби талқылауларға белсенді қатысады.

Госпитальдық эпидемиологтар практиктері қауымдастығына қосылу үшін электрондық пошта арқылы өтінім жолдаңыз: a.agazhayeva@hls.kz


АЙМАҚТАР БОЙЫНША ПИИК ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕСІН ЕНГІЗЕТІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАР


ДДСҰ (ВОЗ) НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ


ПИИК БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ (ҰҚДО/НЦОЗ) ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ


МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР