Орталық туралы
Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі Оперативтік орталық 2019 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шешімімен Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының базасында құрылды. Орталық өз қызметін Халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларды (ММСП, 2005 ж.) және Жаһандық денсаулық сақтау қауіпсіздігі бағдарламасын (ЖДҚБ) іске асыру шеңберінде жүзеге асырады.
Оперативтік орталықтың миссиясы – халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау және қауіп-қатерлердің салдарын барынша азайту мақсатында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қоюға денсаулық сақтау жүйесінің дайын болуын қамтамасыз ету.
Негізгі қызмет бағыттары
Оперативтік орталық келесі қызметтерді жүзеге асырады:
-биологиялық, химиялық және радиациялық сипаттағы қауіптер мен төтенше жағдайларды мониторингтеу, талдау, бағалау және болжау;
-әлеуетті қауіптер мен қатерлер туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігін және мүдделі мемлекеттік органдарды уақтылы ақпараттандыру;
-ММСП/ЖДҚБ іске асыру мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен жедел ақпарат алмасу, оның ішінде Қазақстан Республикасының ММСП жөніндегі Ұлттық үйлестірушісімен жұмыс;
-қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда оқу-жаттығулар мен дайындық іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
-Оперативтік орталықтың қызметіне заманауи цифрлық шешімдер мен ақпараттық технологияларды енгізу.
Іс жүзінде біз не істейміз
- Оперативтік орталық ел ішінде және шетелде қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қауіптер мен қатерлер туралы ақпаратты күнделікті және апталық негізде мониторингтеп, талдайды.
- Мониторинг нәтижелері бойынша басқарушылық шешімдер қабылдау үшін аналитикалық және визуалдық материалдар дайындалады, оның ішінде басым инфекциялар мен иммундаудың өзекті бағыттары бойынша эпидемиологиялық жағдайға арналған апталық шолулар бар.
- Сондай-ақ сібір жарасы, Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы, бруцеллез сияқты бірқатар аса қауіпті және әлеуметтік маңызы бар инфекциялар бойынша аурушаңдық болжамдары, сондай-ақ салалық мамандармен бірлесіп басқа инфекциялар бойынша болжамдық бағалар қалыптастырылады.
- Бұдан бөлек, Оперативтік орталық мамандары қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы сигналдар мен оқиғалар бойынша халықаралық ақпараттық ресурстарды күнделікті қадағалап, апталық жаңалықтар дайджесттерін әзірлейді.
- Дайындық деңгейін қолдау мақсатында қызметкерлердің біліктілігін тұрақты арттыру, халықаралық ұйымдардың оқыту іс-шаралары мен симуляциялық жаттығуларына қатысу қамтамасыз етіледі.
Денсаулық сақтау жүйесінің дайындығын нығайту шеңберінде Оперативтік орталық сала қызметкерлері үшін қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға дайындық бойынша симуляциялық тренингтер мен оқыту іс-шараларын ұйымдастырып, өткізеді.
Алдағы даму бағыттары
2024 жылы Қазақстанда Дүниежүзілік банктің қолдауымен болашақ пандемияларға дайындықты күшейтуге бағытталған Пандемиялық қор гранты іске қосылды. Грант аясында эпидемиологиялық қадағалауды, зертханалық қауіпсіздікті, ерте анықтау мен ден қоюды күшейту, сондай-ақ персоналды оқыту және симуляциялық жаттығулар өткізу жоспарлануда.
Оперативтік орталықтың басым бағыттарының қатарына мыналар жатады:
- ауруларды бақылау жөніндегі өңірлік және халықаралық желілерге белсенді қатысуды жалғастыру және ДДСҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросының Оперативтік орталықтар желісімен өзара іс-қимыл;
- эпидемиологиялық сигналдарды талдауға арналған жасанды интеллектке негізделген EIOS (ДДСҰ) платформасын енгізу;
- тәуекел-коммуникация бағытын және қоғаммен өзара іс-қимылды дамыту;
- халықаралық серіктестермен бірлесіп жұқпалы ауруларды болжау құзыреттерін нығайту және модельдерді жетілдіру;
- төтенше жағдайларға ден қоюға жауапты Оперативтік орталық пен ведомствоаралық құрылымдардың мамандарын оқыту.
Сонымен қатар қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қоюға денсаулық сақтау жүйесі мамандарын даярлау үшін базалық оқу-әдістемелік негізді қалыптастыру, оның ішінде әлеуетті және практикалық дағдыларды арттыруға бағытталған симуляциялық тренингтерді жоспарлау және өткізу тәсілдерін дамыту көзделуде.
Жетістіктер
Оперативтік орталық қызметкерлері Қазақстанда және шет елдерде (Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Түркия, Ирландия, Франция) көшпелі кеңестерге, семинарлар мен конференцияларға қатысты.
Сондай-ақ мамандар халықаралық оқыту бағдарламалары мен бастамаларға, соның ішінде IDASH, CDC-нің төтенше жағдайларды басқару бағдарламаларына, Пан-еуропалық көшбасшылық академиясына және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірінде қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларды басқару бойынша мамандандырылған оқу курстарына қатысты.
Оперативтік орталық қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қауіптерге мониторинг жүргізу және ден қою әлеуетін нығайта отырып, өз дамуын жалғастыруда.
ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР
Халықаралық ақпараттық арналар
Оқу материалдары және симуляциялар
«Біз туралы» бейнематериалдар
1) https://www.youtube.com/watch?v=0kEULldedVg