Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК 2025 жылы 28 сәуірден сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастайды. Бұл жұмыс “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Талдау мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністері мен әкімшілік кедергілерге ықпал ететін факторларды анықтауға және жоюға бағытталған. Осыған байланысты Орталық қызметкерлерге, серіктестерге және барлық мүдделі азаматтарға жәрдем көрсету туралы өтінішпен жүгінеді.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екендігін көрсететін фактілер белгілі болса немесе сізде нормативтік құқықтық актілер мен регламенттерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар бар болса, сіз:
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің call-орталығына: 1424 қысқа нөмірімен жүгіне аласыз;
-WhatsApp-қа сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер м.а. Д.Б. Қожаға: +7 775 733 0930 нөміріне немесе мына электрондық поштаға: komplaens.ncoz@gmail.com ақпаратты жібера аласыз.
Өтініш берушілердің құпиялылығы мен анонимділігіне кепілдік беріледі. Келіп түскен барлық ақпарат ұйым қызметі шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету жөніндегі ұсынымдарды қалыптастыру кезінде пайдаланылатын болады.
Толығырақ сілтеме бойынша оқыңыз: https://hls.kz/archives/46663