Қысқы қауіптер: төтенше жағдай кезінде экстремалды суықта қауіпсіздік ережелері

Қатты аяз денсаулыққа елеулі қауіп төндіруі мүмкін. Әсіресе балалар, қарт адамдар, созылмалы аурулары бар азаматтар, сондай-ақ ұзақ уақыт далада жүруге мәжбүр адамдар үшін қауіп жоғары. Сонымен қатар жел суықтың әсерін күшейтеді, сондықтан тоңу мен үсік шалу қаупі артады.

Аязға алдын ала дайындық

  • Ауа райы болжамын және суық туралы ресми ескертулерді бақылаңыз.
  • «Суыққа арналған жинақты» алдын ала дайындаңыз: жылы киім, су мен азық-түлік қоры, электр қуаты өшкен жағдайда қолданылатын жылу және жарық көздері.
  • Үйді жылытыңыз: саңылауларды бекітіп, жылыту жүйесінің жұмысын тексеріңіз.
  • Егер жолға шығу қажет болса — көлікті дайындаңыз және өзіңізбен бірге жылы киім алыңыз.
  • Отбасымен байланыс жоспарын және ажырап қалсаңыздар кездесетін орынды алдын ала келісіп алыңыз.

Қатты аяз кезінде

  • Мүмкін болса, үйде қалып, бөлме температурасын тұрақты сақтаңыз.
  • Қабаттап киініңіз: жылы, кең киім таңдаңыз, жел мен ылғалдан қорғайтын сыртқы киім киіңіз.
  • Тоңып қалмау үшін: ыстық сусын ішіңіз, уақытылы тамақтаныңыз және алкогольден бас тартыңыз.
  • Қарт туыстарыңыздың, көршілеріңіздің және көмекке мұқтаж адамдардың жағдайын қадағалаңыз.
  • Жылыту құрылғыларын қауіпсіз қолданыңыз: газ плитасын және ашық отты жылыну үшін пайдаланбаңыз.

Маңызды

Тоңудың белгілері: қалтырау, ұйқышылдық, сөйлеудің баяулауы, есінен тану.
Не істеу керек: адамды жылы жерге кіргізіп, үстін жауып, жылы сусын беріп, қажет болса 103 нөмірі арқылы жедел жәрдем шақырыңыз.

Үсіктің белгілері: жансыздану, терінің ағаруы, күлбіреу (көпіршік).
Не істеу керек: жылы жерге кіріп, біртіндеп жылытыңыз. Үсік шалған жерді ысқылауға болмайды.