Ғылым және кәсіби даму бөлімі
Ғылым және кәсіби даму бөлімінің басшысы Утешева Гульмира Сайынбаевна
Бөлімнің қызметі:
– Қоғамдық денсаулықты сақтау мен жақсартуға, аурулардың алдын алуға (ерте анықтауды қоса алғанда) бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізу;
– салауатты өмір салтын қалыптастыру, әлеуметтік маңызы бар аурулардың, оның ішінде олардың даму қауіп-қатерінің мінез-құлықтық факторларының алдын алу бойынша мақсатты бағдарламаларды енгізу;
– съездерді, симпозиумдарды, ғылыми конференциялар мен кеңестерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
– Қоғамдық денсаулық, жұқпалы және жұқпалы емес аурулар эпидемиясының өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді орындау;
– салауатты өмір салтын қалыптастыру, қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу және тарату;
– мақсатты топтар арасында, соның ішінде білім беру, құқық қорғау және басқа да ұйымдар, халықтың осал топтары арасында, салауатты өмір салты қағидаттарын қалыптастыру және енгізу бойынша интерактивті технологияларды пайдалана отырып оқыту тренингтерін өткізу;
– медицина және медициналық емес кадрлардың, Қазақстан Республикасының және басқа да мүдделі ведомстволарының мамандарының біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау курстарын өткізу;
-ғылыми-педагогикалық кадрларды жоғары оқу орнынан кейінгі даярлауды жүргізу.
Бөлімнің функциялары мен міндеттері:
-ғылыми-зерттеу қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру және жүзеге асыру;
-Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдердің ұйымдарымен бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламалары саласында кәсіпорынның ынтымақтастығын дамыту бойынша іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру;
– кәсіпорынның ғылыми-зерттеу және ғылыми-инновациялық қызметіне халықаралық гранттар мен шетелдік қорлардың инвестицияларының мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануды қамтамасыз ету;
– кәсіпорын орындайтын ғылыми бағдарламаларды сүйемелдеуді жүзеге асыру: ұлттық, халықаралық, шаруашылық келісім шарт;
-кәсіпорын қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу қызметін қамтамасыз ету үшін кәсіпорында құрылатын комиссиялардың, кеңестердің, қоғамдардың қызметін ұйымдастыруға және үйлестіруге қатысуға бастамашылық жасау;
– кәсіпорын қызметкерлерінің ғылыми әлеуетін барынша толық пайдалануды қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
-кәсіпорынның ведомстволық бағынысты субъектілеріне ғылыми-зерттеу сипатындағы мәселелерде ұйымдастырушылық, консультациялық және техникалық қолдау көрсету;
Білім беру қызметі
ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК (бұдан әрі – ҚДСҰО) және оның “Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы” филиалы (бұдан әрі – СЭСжМҒПО (Алматы қ.)) өз базасында біліктілікті арттыру циклдарын өткізеді және бейресми білім беру бағдарламаларын (семинарлар, тағылымдамалар) іске асырады.
Біліктілікті арттыру циклдерінің оқытушылары ғылыми дәрежелері, біліктілік санаттары және қоғамдық денсаулық сақтау, қоғамдық денсаулық және зертханалық диагностика саласындағы тәжірибелік жұмыстардың жеткілікті тәжірибесі бар ҚДСҰО мен СЭСэМҒПО жетекші мамандары болып табылады.
ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК 2019 жылғы шілдеде Еуразиялық Аккредиттеу Орталығында медициналық саладағы қосымша білім беру стандарттарына сәйкестікке институционалдық аккредиттеуден өтті және 25.07.2024 ж. дейінгі мерзіммен № IA00014 куәлік берілді.
Оқыту нәтижелері бойынша тыңдаушылар оқу курсынан өткені туралы белгіленген үлгідегі куәліктерді алады. Оқыту курстары келіп түскен өтінімдер негізінде ұйымдастырылады.
Біліктілікті арттыру циклдары осы сайтта және СЭСжМҒПО (www.npc-ses.kz) сайтында орналастырылған білім беру қызметтерінің Күнтізбелік-тақырыптық жоспарына және Прейскурантына сәйкес ақылы негізде онлайн және офлайн түрде өткізіледі.
Толық ақпарат алу және оқуға өтінім беру үшін СЭСжМҒПО-ның халықаралық ынтымақтастық, ғылым және білім беру бағдарламаларының менеджменті басқармасына мына телефондар бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 8-747-812-37-32, 8-707-838-03-76, және email: D_epid2@npc-ses.kz, tmanshuk76@mail.ru.
Оқытуға арналған құжаттар тізімі:
1. Жеке куәліктің көшірмесі;
2. Дипломның көшірмесі (тегі ауыстырылған кезде неке туралы куәлік);
3. Соңғы мамандану, қайта даярлаудан немесе интернатурадан өткендігі туралы куәлік;
4. Маман сертификатының көшірмесі;
5. Жұмыс орнынан циклге жіберу туралы бұйрық (ұйым оқу ақысын төлеген кезде)
6. Еңбек кітапшасының көшірмесі (уақытша жұмыс істемейтін адамдар үшін қажет емес)