Қазақстанда балаларға жоспарлы екпе жасау туралы не білесіз?

Сіз https://egu.kz/ сайты туралы білесіз бе? Мұнда Қазақстанда қолжетімді екпелер туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыз.

EGU.kz – тен Екпе жасату арқылы қандай жұқпалы аурулардан қорғануға болатынын біле аласыз.

Біздің елде қолданылатын әрбір вакцинаның толық сипаттамасымен танысуға, сондай-ақ вакцина туралы аңыз әңгімелердің қалай пайда болғанын және балаларыңыздың денсаулығына несімен қауіпті екенін білуге болады.

EGU.kz – тен екпе жасатқанға дейін, екпе жасау кезінде және екпе жасатқаннан кейін не істеу керектігі туралы нұсқаулықты таба аласыз.

EGU.kz – тен балаңызға жеке екпе салдыру кестесін есептеп, оны өзіңізге жадынама ретінде сақтай аласыз.

EGU.kz балаңызға екпе жасату туралы ақпараттық шешім қабылдауға көмектеседі.


Екпелер күнтізбесі не үшін қажет? Вакциналар балаларды қандай инфекциялардан қорғайды? Неден қорқу керек және неден қорқудың қажеті жоқ?

Екпе алудан қашан босату қажет, ал қашан қажет емес? Екпелер не үшін қажет? Кімге және қашан жасауға болады? Ал қашан болмайды?

Екпелер және әлемдік конфессиялар. Ислам, христиан және басқа діндер вакцинацияға қалай қарайды?