ЖРВИ және тұмау
Ағымдағы жылдың өткен аптасында Қазақстанда 110 212 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 14% төмендеді.
Зертханалық зерттеулер нәтижесінде риновирус, бокавирус, парагрипп, РС-вирус, аденовирус, коронавирус, метапневмовирус айналымда екені расталды.
Тұмауға қатысты 16 056 үлгі зерттеліп, оның 3000-ы оң нәтиже көрсетті. Олардың ішінде: 2995 жағдай — АH3N2 (Гонконг тұмауы), 5 жағдай — A(H1N1) (шошқа тұмауы).
Қызылша
Жыл басынан бері 853 қызылша жағдайы тіркелді, оның 738-і – 14 жасқа дейінгі балалар. Науқастардың 98%-ы екпе алмаған.
Өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,3 есеге өсті.
Ең көп жағдайлар Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Жамбыл, Ақтөбе, Атырау және Қарағанды облыстарында тіркелді.
Көкжөтел
Жыл басынан бері 14 жасқа дейінгі 6 балада көкжөтел расталды. Олардың 5-еуі екпе алмаған.
COVID-19
Соңғы аптада 4 жағдай тіркелді.
Жедел ішек инфекциялары
Жамбыл облысында жасөспірімдер арасында 21 жағдай тіркелді, науқастар амбулаториялық ем қабылдап жатыр.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы маусымдық инфекциялардың таралуына байланысты азаматтарды алдын алу шараларын қатаң сақтауға шақырады: жабық әрі адам көп жиналатын орындарда маска тағу, өзіңізді жайсыз сезінген жағдайда қоғамдық орындарға бармау, жеке гигиена талаптарын сақтау және вакцинациядан уақытылы өту ұсынылады.