29 сәуір мен 1 мамыр аралығында ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК Қазақстандағы ДДҰ елдік кеңсесімен бірлесіп, “Шымкент кардиология орталығы” АҚ және “Атырау облыстық перинаталдық орталығы” ШЖҚ РМК «2022-2027 жылдарға арналған инфекциялардың профилактикасы мен оларды инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіру туралы» жоспары шеңберінде қайта бағалау жүргізіп, ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетті.
Шымкент қаласы мен Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшыларымен кездесу барысында облыстың медициналық ұйымда
рында инфекциялық қауіпсіздікті жақсарту бойынша негізгі басым шаралар талқыланды.