Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

29 сәуір мен 1 мамыр аралығында ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстандағы ДДҰ елдік кеңсесімен бірлесіп, «Шымкент кардиология орталығы» АҚ және «Атырау облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ РМК «2022-2027 жылдарға арналған инфекциялардың профилактикасы мен оларды инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіру туралы» жоспары шеңберінде қайта бағалау жүргізіп, ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетті.
Шымкент қаласы мен Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшыларымен кездесу барысында облыстың медициналық ұйымда

рында инфекциялық қауіпсіздікті жақсарту бойынша негізгі басым шаралар талқыланды.