2024 жылғы 20 ақпандағы жағдай бойынша қызылшаның 44 131 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде:
– 84,4% егілмеген адамдар,
– 77% – 14 жасқа дейінгі балалар.
Тек соңғы аптада 1675 жағдай тіркелді, ал соңғы тәулікте 221 жағдай тіркелді.
Ең көп саны Алматы қаласында-5 704, Шымкент қаласында – 3 997 және Ақтөбе облысында – 4 854, Алматы облысында – 3 882, Атырау облысында – 3 492, Жамбыл облысында – 4 456, Маңғыстау облысында – 3 885 тіркелді.
14 жасқа дейінгі балалар – 33 855 (77%), оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар – 7 153 (21%), 1 жастан 14 жасқа дейінгі балалар – 26 702 (79%). Егілмеген тұлғалар-37 272 (84,4%).