2024 жылғы 20 ақпандағы жағдай бойынша қызылшаның 44 131 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде:
— 84,4% егілмеген адамдар,
— 77% — 14 жасқа дейінгі балалар.
Тек соңғы аптада 1675 жағдай тіркелді, ал соңғы тәулікте 221 жағдай тіркелді.
Ең көп саны Алматы қаласында-5 704, Шымкент қаласында — 3 997 және Ақтөбе облысында — 4 854, Алматы облысында — 3 882, Атырау облысында — 3 492, Жамбыл облысында — 4 456, Маңғыстау облысында — 3 885 тіркелді.
14 жасқа дейінгі балалар — 33 855 (77%), оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар — 7 153 (21%), 1 жастан 14 жасқа дейінгі балалар — 26 702 (79%). Егілмеген тұлғалар-37 272 (84,4%).