26 қазанда ҚДСҰО Басқарма төрағасы – Манар Асыровна Қазақстан онкологтары мен радиологтарының IX съезі шеңберінде “Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинациялауды енгізуді ұйымдастыру. Проблемалар және шешу жолдары” баяндамасын оқыды.
Баяндаманың негіздемесі: жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алудың маңыздылығы.
Адам папиллома вирусы (АПВ) әлемдегі ең көп таралған вирустардың бірі және әйелдерде жатыр мойны қатерлі ісігінің негізгі себебі болып табылады. АПВ вакцинациясы әйелдердегі жатыр мойны қатерлі ісігіне қарсы күрестің ажырамас бөлігі болып табылады.
IX Съезд Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылғанына 75 жыл толуына, ДДСҰ-ның МСАК бойынша Халықаралық конференциясының Алматы декларациясына қол қойылғанына 45 жыл толуына және Астана декларациясының 5 жылдығына орай Халықаралық конференция өткізуге орайластырылып өткізілді.