Ұлттық орталық гепатитті жұқтырмаудың негізгі қағидаларын ұсынады:
Ең алдымен, А және В гепатитіне қарсы егілу қажет.
Сапалы таза су ішіп, көкөністер мен жеміс-жидектерді мұқият жуып, термиялық өңдеуден өткізу қажет. Осылайша А гепатитінен сақтануға болады.
Микроскопиялық мөлшердегі қан ұстарада, тіс щеткасында, тырнақ алатын қайшыда қалып кетуі мүмкін. Бұл заттарды басқалармен ортақ қолданбау керек.
Стерильденбеген құралдармен пирсинг және татуировка жасатпаған жөн.
Жыныстық қатынас кезінде сақтану шараларын қабылдау қажет.
В және С гепатитімен күресте – донорлық қанды тексеру, стерильдік инъекциялық жабдықтар және инфекциялық бақылау болғаны жөн.