Жастар денсаулық орталықтары (ЖДО) – репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша 10 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға және 18 бен 29 жас аралығындағы жастарға медициналық, емдік-профилактикалық көмек, психоәлеуметтік және құқықтық қызмет көрсетеді.
Жастар денсаулық орталығында келесі қызметтер алуға болады:
1. Репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша ақпараттық қызметтер;
2. Гинекологтың, урологтың, дерматовенерологтың консультативтік көмегі;
3. Емдеу-профилактикалық көмек: репродуктивті денсаулық ауруларының (соның ішінде ЖЖБИ) алдын алу, диагностикалау және емдеу;
4. Медициналық-психологиялық көмек (оның ішінде психологиялық диагностика, коррекциялық қолдау, консультативтік көмек).
ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫС ПРИНЦИПІ
Қол жетімділік
▸ Міндетті медициналық сақтандыру аясында медициналық қызметтер көрсетіледі – ТЕГІН
Еріктілік.
▸ Жастар денсаулық орталығының қызметтерін өз еркімен таңдау
Мейрімділік
▸ Орталықта достық пен қолдау атмосферасы орнайды.
Сенім
▸ЖДО қызметкерлері құпия сақтайды, яғни дәрігерге айтқанның бәрі сіздің араңызда қалады!
Казақстанда 157 жастар денсаулық орталықтары жұмыс істейді.