Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы балалар мен ересектерді 1 масым – Балаларды қорғау күнімен құттықтайды! Бұл жай көңілді және қуанышқа толы балалар мерекесі ғана емес. Бұл күн ата-аналарға және барлық ересектерге балаларды зорлық-зомбылық пен қанаудан қорғау, балалардың өмір, денсаулық, білім, демалыс және бос уақытын өткізу құқықтарын сақтау қажеттілігі туралы еске салатын күн. Ересектер ретінде жастардың проблемалары мен идеяларын тыңдауға және түсінуге жауаптымыз. Жасөспірімдер өз өмірін, денсаулығын қалыптастыруға және болашағын басқаруға белсенді қатысуы керек.
ҚДСҰО жасөспірімдерді серіктес ретінде таниды және өз жұмысына тартады және оқушылармен, жастармен әртүрлі тәсілдер арқылы ынтымақтасуға ұмтылады.
Жастардың ұсыныстары, дағдылары мен үлестері жастардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бағдарламаларда тыңдалуы және ескерілуі керек.
ҚДСҰО Қазақстанның 11-16 жас аралығындағы оқушыларының пікірлері мен ұсыныстарына негізделген, балалардың өмірі мен денсаулығына қатысты шешімдерді олармен бірге қабылдау үшін өскелең ұрпақтың денсаулығының түрлі мәселелеріне арналған бейнероликтер сериясын ұсынады. Біз болашақтың сау, қауіпсіз және әділ болуын қамтамасыз ету үшін бұрынғыдан да көп идеялар, күш-қуат пен көшбасшы жастарға мұқтажбыз!