Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Жастар денсаулық орталықтары базасында кешенді қашықтан көрсетілетін қызметтердің (онлайн-кеңес беру) кең таралуы мақсатында жасөспірімдер мен жастар арасында коммуникациялық науқан өткізу үшін PR-агенттігін таңдауға конкурс жариялайды.
Іс-шара 2022-2023 жылдарға арналған № WP/KAZ/2022/16 Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының және БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) «Денсаулық сақтау және білім беру секторларының су, канализация және гигиена қызметтерімен қамтамасыз ету, жасөспірімдерге қашықтан медициналық көмек пен психоәлеуметтік қолдау көрсету, балалар иммунизациясы мен қауіпсіз қоршаған орта бойынша әлеуетін аттыру» атты жұмыс жоспары шеңберінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін 2022 жылдың 17 қарашасы, сағат 17:00-ге дейін secretariat@hls.kz электрондық мекенжайына коммерциялық ұсыныс жіберу қажет. Техникалық тапсырма және компанияға қойылатын талаптар төмендегі сілтеме бойынша қолжетімді.