Дүниежүзілік пневмониямен күрес күні (World Pneumonia Day) жыл сайын 12 қарашада атап өтіледі. Бұл ауру туралы адамдардың хабардарлығын арттыруға, оның салдары мен алдын алу жолдары туралы айтуға шақырады.
Пневмония – қауіпті және көптеген ауруларды асқындыратын жұқпалы ауру. Көбінесе пневмония кәдімгі тұмаудың асқынуынан дамиды. Ауру шамамен үш апта немесе одан да ұзаққа созылады. Ол жыл сайын бес жасқа дейінгі 1,1 миллион баланың өмірін жалмайды. Бұл ЖИТС, безгектен және қызылшаны қоса алғаннан да көп. Пневмонияның алдын алудың негізгі құралы – вакциналау және салауатты өмір салтын ұстану.