ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ( бұдан әрі – ҚР ҚДСҰО) мен ҰР-дағы Колумбия университетінің Мэйлман атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі жанындағы ICAP арасындағы 2021 жылғы 27 қаңтардағы ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде ҚДСҰО ДДҰ материалдары мен Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық талаптары негізінде инфекциялық бақылау қызметкерлері – эпидемиолог дәрігерлер мен медициналық мекемелердің басшыларын инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау мәселелері бойынша оқытуды бастайды.
Жоғары буын менеджерлерінің біліктілігін арттыру үшін оқу 2021 жылғы 18 қазанда басталады. Курс көлемі – 2 кредит/60 сағат.
Негізгі бағыттар:
– Инфекциялардың алдын алуға және бақылауға кіріспе;
– Инфекцияның берілу жолын ескере отырып, негізгі (әмбебап) және арнайы сақтық шаралары;
– Медицина қызметкерлерінің денсаулығын қорғау. Кәсіби аурулар;
– МКБИ және контагиозды инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау;
– Төтенше жағдайларға дайындық және індетке қарсы әрекет ету. Коронавирустық инфекция пандемиясының ИАБ ұйымына әсері;
– Медицина қызметкерлері, келушілер мен пациенттер үшін инфекциялық бақылау мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру;
– ИАБ бағдарламасына жетекшілік ету және басқару
– “OneHealth” (бірыңғай денсаулық сақтау) тұжырымдамасы және оны қолдану және т. б. Оқыту бағдарламасы дәрістік материалды, тест сұрақтарын, ситуациялық есептерді шешуді, аудиториямен белсенді жұмысты қамтиды.
ҚДСҰО және практикалық денсаулық сақтау саласының жетекші мамандары COVID-19 індетіне қарсы іс-қимыл және инфекциялардың алдын алу жүйесін жақсарту және инфекциялық бақылау жөніндегі ICAP жобасы шеңберінде курс дәріскерлері болады.
Айыпханова Айнұр Тоқсанқызы – денсаулық сақтауды басқару магистрі, пациенттің сапасы мен қауіпсіздігі бойынша халықаралық сарапшы және JCI стандарттарын енгізу бойынша Қазақстаннан тыс жерлерде – РФ, Әзірбайжан және БАӘ-де ауруханаларға кеңес беру тәжірибесі бар.
Әлімбетов Қуаныш Көпжасарұлы – гигиенист дәрігер, эпидемиолог (санитарлық дәрігер) FETP қолданбалы эпидемиологияның 2 жылдық бағдарламасы бойынша CDC/CAR курсанты (11 когорт, 2013-2015 жылдар). Жоба жетекшісі: COVID-19 індетіне қарсы іс-қимыл және инфекциялардың алдын алу жүйесін жақсарту және инфекциялық бақылау жөніндегі ICAP жобасы.
Ағажаева Гаухар Өнерханқызы – жоғары біліктілік санатты эпидемиолог дәрігер. Ауруларды бақылау және алдын алу орталығында Applied Epidemiology Training Program (АЕТР) қолданбалы эпидемиология бағдарламасының, Орталық Азиядағы бағдарламаның (СДС/ОАР) курсанты, курс СДС-да (АҚШ, Атланта) әзірленген эпидемиология және денсаулық сақтау ұйымы бойынша ординатураға сәйкес келеді. Қазақстандағы инфекциялық бақылау мәселелері жөніндегі сарапшы, инфекциялық аурулардың өршуін тексеруге қатысқан.
Гончарова Анна Сергеевна – гигиенист-эпидемиолог дәрігер, медицина магистрі, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы АҚ Эпидемиологиялық бақылау қызметінің меңгерушісі.
Текебаев Қанат Омербайұлы – гигиенист дәрігер, эпидемиолог, медицина ғылымдарының кандидаты. Медициналық сұратым қызметінің полковнигі. ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК инфекциялық аурулардың алдын алу департаменті инфекциялық және паразиттік ауруларды мониторингілеу және талдау бөлімінің басшысы.
ҚР ДСМ ҚДСҰО Басқарма төрағасының кеңесшісі, биология ғылымдарының докторы, профессор Имашева Бағдат Сәкенқызы COVID-19 індетіне қарсы іс-қимыл және инфекциялардың алдын алу жүйесін жақсарту және инфекциялық бақылау жөніндегі ICAP жобасы бойынша білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі болып табылады.
Цикл аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі.
Жүктеу: Лекторлар туралы мәліметтер