ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы және Әл-Фараби ат. «Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты – ғылым мен білім беру саласындағы серіктестікті дамыту және кадрларды бірлесіп даярлау.
Меморандум аясында тараптар:
– ҚДСҰО базасында кадрларды бірлесіп даярлауға және біліктілігін арттыруға;
– Мамандарды дайындау нәтижелері туралы ақпаратпен және материалдармен бөлісуге;
– Кадрларды даярлау үшін білім беру бағдарламаларын және ынтымақтастық туралы бағдарламаларды дамытуға және жетілдіруге;
– Республикалық және халықаралық басылымдарда ынтымақтастық нәтижелерін бірлесіп жариялауға;
– Студенттерді, магистранттарды, докторанттарды дайындаудың өзекті мәселелері бойынша семинар, мастер-класс, тренингтер ұйымдастыруға;
– Бірлескен зерттеу жұмысын жүргізуге, мемлекеттік, халықаралық, қоғамдық және жеке қорлар мен ұйымдар жариялаған гранттарға қатысуға;
– Ғылыми ақпаратпен, жарияланымдармен, материалдармен және ақпарлармен алмасуға ниетті.