Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы және Әл-Фараби ат. «Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты – ғылым мен білім беру саласындағы серіктестікті дамыту және кадрларды бірлесіп даярлау.

Меморандум аясында тараптар:

— ҚДСҰО базасында кадрларды бірлесіп даярлауға және біліктілігін арттыруға;

— Мамандарды дайындау нәтижелері туралы ақпаратпен және материалдармен бөлісуге;

— Кадрларды даярлау үшін білім беру бағдарламаларын және ынтымақтастық туралы бағдарламаларды дамытуға және жетілдіруге;

— Республикалық және халықаралық басылымдарда ынтымақтастық нәтижелерін бірлесіп жариялауға;

— Студенттерді, магистранттарды, докторанттарды дайындаудың өзекті мәселелері бойынша семинар, мастер-класс, тренингтер ұйымдастыруға;

— Бірлескен зерттеу жұмысын жүргізуге, мемлекеттік, халықаралық, қоғамдық және жеке қорлар мен ұйымдар жариялаған гранттарға қатысуға;

— Ғылыми ақпаратпен, жарияланымдармен, материалдармен және ақпарлармен алмасуға ниетті.