Кәсіподақтар күні мерекесін ұлықтау мақсатында Кәсіподақ федерациясы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Елтекұлы Бекеновті Еңбек адамының мүддесін қорғау мен кәсіподақ қозғалысын дамытудағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін және Кәсіподақ федерациясының 30 жылдығына орай марапаттады.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Дамир Көбжасаров пен «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері кәсіподағы қалалық филиалының төрағасы Руслан Сатыбалдиев Ж.Е.Бекеновке Қазақстан Республикасының «Кәсіподақ федерациясы» грамотасын табыс етті.