2012 жылдың 12 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы резолюция қабылдады, онда елдерді денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамтуға (ДҚЖҚ) қол жеткізу ісін жеделдетуге шақырды, бұл қағидатқа сәйкес әр адам қай жерде болмасын, сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер ала алады, өйткені бұл халықаралық дамудың маңызды басымдығы болып табылады.
2017 жылғы 12 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы 72/138 резолюциясында 12 желтоқсанды денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамту халықаралық күні деп жариялады.
Әлемнің көптеген озық елдеріндегідей, Қазақстанда да денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бағыттардың бірі – Жастар денсаулық орталықтарының қызметі болып табылады.
Қазіргі уақытта, республикамыздың денсаулық сақтау басқармаларының ұсынған мәліметтері бойынша, Қазақстанда жасөспірімдер мен жастарға тегін кешенді медициналық және психоәлеуметтік қызметтер көрсететін 117 Жастар денсаулық орталықтары (ЖДО) жұмыс істейді.
2019 жылдың 9 айында ЖДО мамандарына жүгінген жасөспірімдер мен жастардың жалпы саны 289 447 адамды құрады, бұл 2018 жылдың 9 айымен (256 673) салыстырғанда 11,3%-ға көп. Кеңес алуға жүгінген жасөспірімдер мен жастардың үлесі 5,5%-ды құрады.
Денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамту халықаралық күні денсаулық сақтаудың сенімді және тұрақты жүйелері мен денсаулық сақтау қызметтерімен жалпы қамтылу қажеттілігі туралы ақпараттылықты жоғарылату үшін атап өтіледі.