Әлі де денсаулығыңыз туралы ойлап, бірақ ештеңе жасамай жүрсіз ба? Медицина қызметкерлері күні қарсаңында, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «Сөзден іске» қозғалысын қолдауға шақырады. Челлендждің мақсаты – денсаулықты сақтау, салауатты өмір салтын ұстану.
Дене шынықтыру және спортпен шұғылдану – бұл салауатты өмір салтының кепілі. Физикалық жаттығулар денені бірқалыпты тонуста ұстауға көмектеседі және денеге қуат беріп, зат алмасу процесстерін қалыпқа келтіреді және ақыл-ой белсенділігін арттырып, жүйке жүйесін тыныштандырады. Денсаулықты сақтау туралы көп нәрсе айтуға болады, алайда оны сақтаудың әдістерін қатаң күн тәртібіне енгізу – бұл челлендждің басты міндеті.
Челлендж арқылы салауатты өмір салтын ұстанудағы әдеттеріңізбен бөлісе аласыз: сөзден іске көшуді қалай жүзеге асырып жүрсіз? Өз денсаулығыңыз үшін пайдалы іс-әрекеттерді жасап үлгердіңіз бе?
Әлеуметтік желілерде салауатты өмір салтын ұстану әдеттеріңізбен #Habits4Health хэштегі арқылы бөлісіп, @ncoz_mz_rk аккаунтынан «Ең қызықты пайдалы әдеттер» айдарынан өзіңізді көріп отырыңыз!