Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

Әлі де денсаулығыңыз туралы ойлап, бірақ ештеңе жасамай жүрсіз ба? Медицина қызметкерлері күні қарсаңында, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «Сөзден іске» қозғалысын қолдауға шақырады. Челлендждің мақсаты — денсаулықты сақтау, салауатты өмір салтын ұстану.
Дене шынықтыру және спортпен шұғылдану — бұл салауатты өмір салтының кепілі. Физикалық жаттығулар денені бірқалыпты тонуста ұстауға көмектеседі және денеге қуат беріп, зат алмасу процесстерін қалыпқа келтіреді және ақыл-ой белсенділігін арттырып, жүйке жүйесін тыныштандырады. Денсаулықты сақтау туралы көп нәрсе айтуға болады, алайда оны сақтаудың әдістерін қатаң күн тәртібіне енгізу – бұл челлендждің басты міндеті.
Челлендж арқылы салауатты өмір салтын ұстанудағы әдеттеріңізбен бөлісе аласыз: сөзден іске көшуді қалай жүзеге асырып жүрсіз? Өз денсаулығыңыз үшін пайдалы іс-әрекеттерді жасап үлгердіңіз бе?
Әлеуметтік желілерде салауатты өмір салтын ұстану әдеттеріңізбен #Habits4Health хэштегі арқылы бөлісіп, @ncoz_mz_rk аккаунтынан «Ең қызықты пайдалы әдеттер» айдарынан өзіңізді көріп отырыңыз!