Қазақстанда NLLP-2025 бағдарламасы аясындағы үшінші зертханалық көшбасшылар легінің дайындығы аяқталды

Бүгін Алматы қаласында «Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы»  Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының (СЭСжМҒПО) базасында Қазақстанның денсаулық сақтау, ветеринария және экология салалары үшін басым болып табылатын «Зертхана басшыларын/көшбасшыларын даярлау бойынша ұлттық бағдарлама (NLLP-2025)» біліктілікті арттыру білім беру бағдарламасы курсанттарының үшінші шоғырын қорытындылау өтті.

Жылдық оқу циклы «Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы мен СЭСжМҒПО филиалының бірлесуі арқылы, Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарымен (CDC) жүзеге асырылды, сондай-ақ циклға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі және Ұлттық сараптама орталығы (ҰСО) қатысты.

Бағдарламаның зертханалық қызметтің кадрлық әлеуетін нығайтуға және «Бірыңғай денсаулық», тұжырымдамасының аясында диагностика сапасын жақсартуға, қауіп-қатерлерді мониторингтілеуге және ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамытуға қажетті басқарушылық құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған.

Іс-шараның ашылуында ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Роза Қожапова, ҚДСҰО Басқармасының төрағасы Ерік Байжүнісов, ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» Басқармасының төрағасы Ерлан Қиясов, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің биологиялық қауіпсіздік басқармасының жетекші сарапшысы Салтанат Таурбаевасөз сөйледі.

Өз сөзінде Роза Қожапова бағдарламаның маңыздылығын және денсаулық сақтау жүйесіндегі зертхана басшыларының рөлінің артып келе жатқанын былай атап өтті:

«Зертхана басшысының рөлі өзгеріп келеді. Бүгінгі күні ол — стратегиялық менеджер, тәлімгер және инновацияларды енгізуші. NLLP бағдарламасы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің жаңа сын-қатерлерге тұрақтылығын қамтамасыз етуге, заманауи тәсілдерді енгізуге, диагностика сапасын жақсартуға, зертхананың сапалы жұмысы нәтижелерін елдің қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіндегі төтенше жағдайларға — тек биологиялық қауіптерге ғана емес, сонымен қатар химиялық немесе радиациялық сипаттағы ықтимал қауіптерге де дайын болуды күшейтуге тиімді пайдалануға және олар кезінде іс-әрекет ете білуге қабілетті мамандарды қалыптастырады».

Ерік Байжүнісов заманауи зертханалық қызмет үшін басқарушылық құзыретттіліктердің және инновациялардың маңызы туралы былай атап өтті:

«Зертханалық сала айтарлықтай трансформациядан өтіп жатыр. Бізге сапа менеджментін күшейтіп, озық шешімдерді енгізе алатын көшбасшылар қажет. Халықаралық GLLP бастамасына негізделген NLLP бағдарламасы жаңа буын басқарушыларын қалыптастырады. Біздің бітірушілер жоғары деңгейдегі даярлықтарын дәлелдеп үлгерді және маңызды ғылыми жобаларды жүзеге асырды, олардың нәтижелері практикада кеңінен қолданылатын болады. Ғылыми жобалардың нәтижелері бойынша үшінші шоғырдың бітірушілері рецензияланатын шетелдік және қазақстандық басылымдарда 10 ғылыми мақала жариялады; Қазақстан Республикасында геномдық қадағалау жүйесін дамыту бойынша стратегиялық жоспар жобасын әзірледі; «Зертханалық қызметтің сапа индикаторларын әзірлеу және бағалау» әдістемелік ұсынымдарын дайындады».

ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының сарапшысы Джоанна Ле Гарек және Қазақстандағы CDC кеңсесінің директоры Александр Миллман NLLP/GLLP бағдарламасының Қазақстан үшін маңыздылығын және стратегиялық рөлін атап өтті, сондай-ақ оның ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамытуға және «Бірыңғай денсаулық» тәсілін енгізуге қосқан үлесін жоғары бағалады. Оқу бағдарламасының арқасында мамандарды даярлаудың тұрақты институционалдық механизмдері қалыптасады, ұлттық зертханалардың эпидемиологиялық қадағалау саласындағы, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға дайын болу және олар кезінде іс-әрекет ету бойынша мүмкіндіктері кеңейіп келеді.

Ұйымдастырушылар халықаралық серіктестерге білім беру бағдарламасын дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

Қорытынды модуль барысында қатысушылар зертханалық қызметтің қазіргі даму бағыттарын айқындайтын мынадай негізгі аспектілерді қарастырды:

  • зертханалық менеджмент тиімділігін бақылау құралы ретіндегі сапа индикаторларының жүйесі;
  • процестерді оңтайландыру үшін талдау жүргізу алдындағы сәйкессіздіктер туралы білім базасын зертханалық ақпараттық жүйеге интеграциялау;
  • Қазақстанда геномдық қадағалау жүйесін дамыту бойынша стратегиялық жоспар жобасын әзірлеу;
  • санитариялық-гигиеналық зертханаларда қауіп-қатерлерге қарсы бағытталған тәсілдерді қолдану.

Қатысушылар сапа менеджменті жүйелерін жетілдіру, QA/QC процесттерін оңтайландыру, қауіп-қатерлерге қарсы бағытталған тәсілдерді енгізу және зертханалық сала үшін цифрлық шешімдерді дамыту жобаларын ұсынды. Бірқатар жұмыстар халықаралық ғылыми журналдарда, конференция материалдарында және Қазақстанның бейінді басылымдарында жарияланып үлгерді.

Бағдарлама пікірталас сессиясымен, қатысушылардың презентацияларымен, нәтижелерді практикалық қолдану мәселелерін талқылаумен және сарапшылардың ұсынымдарымен аяқталды. Қорытынды бойынша түлектерге сертификаттар табысталды.