Қазақстанда ЖРВИ-дің апталық деңгейі төмендеді

Қазақстанда жедел респираторлық вирустық инфекциялармен (ЖРВИ) сырқаттанушылықтың апталық көрсеткіші төмендеп отыр. Өткен аптаның ішінде 198 532 жағдай тіркелді. Бұл – алдыңғы аптамен салыстырғанда шамамен екі есе аз (340 мың жағдай).

Қыркүйек айының басынан бері елде 2,4 миллионнан астам ЖРВИ жағдайы анықталды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға көп. Мұндай өсім – күз-қыс маусымына тән, респираторлық инфекциялар белсенді айналымға түсетін уақыт.

Лабораториялық зертханалық бақылау нәтижелері елде риновирус, бокавирус, парагрипп, респираторно-синцитиалды вирус, аденовирус, коронавирус және метапневмовирус сынды респираторлық вирустар әлі де айналымда жүргенін көрсетеді.

Тұмау бойынша анықталған жағдайлардың басым бөлігінде A(H3N2) подтипі тіркелуде. Сонымен бірге A(H1N1) және B типті тұмау да анықталып жатыр. Тұмаудың белсенді таралуы әсіресе Маңғыстау облысында, Астана қаласында, Түркістан, Жетісу, Қызылорда облыстарында және Шымкент қаласында байқалады.

Желтоқсан айының басында тұмауға қарсы 2 268 891 адам егілген. Бұл – халықтың 11,1 пайызы.

Респираторлық инфекциялардың алдын алу үшін келесі сақтық шараларды ұстануға кеңес беріледі:
• респираторлық гигиенаны сақтау;
• үй-жайды жиі желдетіп, ылғалды тазалық жүргізу;
• адам көп жиналған орындардан мүмкіндігінше аулақ болу;
• медициналық ұйымдарда, жабық қоғамдық жерлерде және науқастармен байланыста маска тағу;
• қолды жиі жуу немесе антисептик қолдану;
• иммунитетті нығайту үшін дұрыс ұйқы, үйлесімді тамақтану және жеткілікті дене белсенділігін сақтау;
• ауру белгілері байқалғанда ересектер де, балалар да үйде қалып, өзін-өзі емдемей, дәрігерге қаралуы тиіс.