Микробқа қарсы төзімділік және денсаулық жүйесінің тұрақтылығы жөніндегі халықаралық конференцияны өткізу туралы

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Назарбаев Университетінің Медицина мектебімен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы Елдік офисімен бірлесіп, «Денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін микробқа қарсы препараттарға төзімділік саласындағы зерттеулер мен саясатты дамыту» атты Халықаралық конференция өткізеді.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми және білім беру мекемелерінің, медицина саласының мамандарының, сондай-ақ ветеринария және ауыл шаруашылығы секторларының өкілдері қатысады. Талқылауларға БҰҰ жүйесінің құрылымдары, ДДСҰ, ФАО, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы, ҚР Денсаулық сақтау және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің профильдік комитеттері, сарапшылар, зерттеушілер және тәжірибелі мамандар қатысады.

Конференция микробқа қарсы препараттарға төзімділікке қатысты өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және «Бір денсаулық» концепциясына негізделген сектораралық ынтымақтастықты күшейтуге арналған маңызды алаң болмақ.

Конференция бағдарламасы сілтемеде: https://waaw2025conference.kz/kk/festival-bagdarlamasy

📅 20 қараша 2025 жыл
📍 Астана қ., Керей және Жәнібек хандар көшесі, 5/1
Іс-шара гибридті форматта өтеді.

Қатысу үшін конференцияның www.waaw2025conference.kz ресми сайтында немесе QR-кодпен өтіп тіркелу қажет: