Қазақстандағы 14 қарашадағы эпидемиологиялық жағдай туралы

Тұмау, ЖРВИ
Елімізде өткен аптада ЖРВИ 183 мың жағдайы тіркелді. Зертханалық зерттеулердің қорытындысы бойынша тыныс алу вирусты жұқпалардың риновирустық, бокавирустық, РС-вирустық, аденовирусты жұқпалардың және парагрипптің айналымы байқалған.
Зерттелген үлгілердің 590-да тұмаудың A H3N2 вирусы анықталған. Бүгінгі таңда тұмау 18 аймақта (Абай, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан,Түркістан облыстарында, Алматы, Астана және Шымкент қалаларында) анықталған.
Тұмауға қарсы 2,1 млн адам егілді, ол халықтың 10,3% құрайды.

COVID-19
Жыл басынан бері 964 расталған КВИ (+) және 9 расталған КВИ (-) жағдайлары тіркелген, соның ішінде соңғы аптада 7 КВИ (+) жағдайы тіркелді.

Қызылша
Жыл басынан барлығы 2898 расталған қызылша жағдайы тіркелді, оның ішінде соңғы аптада – 70 жағдай. Олардың 84% -14 жасқа дейінгі балалар.

Көкжөтел
Жыл басынан барлығы 378 расталған көкжөтел жағдайы тіркелді, оның ішінде соңғы аптада 7 жағдай анықталды. Олардың 98% – 14 жасқа дейінгі балалар.

Жедел ішек инфекциялары
Апта ішінде 314 жағдай тіркелді, өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 53 жағдайға төмендеген.
ЖІИ нозологиялық құрылымында нақтыланған ішек инфекцияларының 49%, нақтыланбағандары 51%, ал бактериалдық дизентерияның үлесіне 3,8% тиесілі.

Вирусты гепатит А
Апта ішінде вирусты гепатит А-ның 15 жағдайы анықталды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 40%-ға өсті.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы жұқпалы және вирустық аурулардың алдын алу үшін уақытылы екпе жасау, жеке және респираторлық гигиенаны қатаң сақтау, таза су мен қауіпсіз тағам тұтыну, науқастармен қарым-қатынасты шектеу, жалпы денсаулықты нығайту үшін салауатты өмір салтын ұстану, жұқтыру қаупін азайту және дер кезінде дәрігерге жүгіну сияқты сақтық шараларын сақтауға шақырады.