Тұмау және ЖРВИ
Республикада өткен аптада ЖРВИ 150 мың жағдайы тіркелген.
Зертханалық зерттеулердің қорытындысы бойынша Республикада тыныс алу вирусты жұқпалардың риновирустық, бокавирустық, РС-вирустық, аденовирусты жұқпалардың және парагрипптің айналымы байқалған.
Қазіргі таңда тұмаудың 4 мыңнан аса үлгісі зерттелген, оның ішінде 304-де тұмаудың A H3N2 вирусы анықталған. Бүгінгі таңда тұмау еліміздің 14 аймағында (Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстарында, Алматы, Астана және Шымкент қалаларында) анықталған.
Тұмауға қарсы 1,9 млн адам егілді, ол халықтың 9,4% құрайды. Егу одан әрі жүргізіліп жатыр.
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халықтың ең осал топтары егіледі (медициналық қызметкерлер, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, білім беру ұйымдарының балалары, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша).
Бұдан басқа, егу жүргізу жұмыс берушілер мен халықтың жеке қаражаты есебінен жүргізіледі.
COVID-19
2025 жылдың басынан бастап 957 расталған КВИ (+) және 9 расталған КВИ (-) жағдайлары тіркелген, соның ішінде соңғы аптада 10 КВИ (+) жағдайы тіркелді.
Қызылша
2025 жылдың басынан барлығы 2830 расталған қызылша жағдайы тіркелді, оның ішінде соңғы аптада 70 жағдай тіркелген. Олардың 84% – 14 жасқа дейінгі балалар.
Ауру жұқтырғандардың ішінде 76% – егілмеген, 12% – екпе мәртебесі белгісіз, 11% – егілген.
Көкжөтел
2025 жылдың басынан барлығы 371 расталған көкжөтел жағдайы тіркелді, оның ішінде соңғы аптада 13 жағдай анықталған. Олардың 98% – 14 жасқа дейінгі балалар.
Ауру жұқтырғандардың ішінде 88% – егілмеген, 2% – екпе мәртебесі белгісіз, 10% – егілген.
Жедел ішек инфекциялары
Апта ішінде 367 жағдай тіркелді, өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 149 жағдайға төмендеген (516-дан 367-ға дейін) -71%.
ЖІИ нозологиялық құрылымында нақтыланған ішек инфекцияларының 69% (8068), нақтыланбағандары 29% (3381), ал бактериалдық дизентерияның үлесіне 2% (190) тиесілі.
Вирусты гепатит А
Апта ішінде халық арасында алғашқы тіркеу бойынша вирусты гепатит А-ның 9 жағдайы анықталды. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 2,5 есеге төмендеген.