Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Дүниежүзілік антимикробтық препараттарға төзімділік туралы ақпараттандыру апталығы қарсаңында антибиотиктерге төзімділік тақырыбына арналған үздік бейнероликке байқау жариялайды.
Байқаудың мақсаты – халықтың антибиотиктерге төзімділік мәселесі туралы хабардарлығын арттыру, антибиотиктерді ұтымды және жауапкершілікпен қолдану мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ антимикробтық препараттарды тиімді пайдалану қағидаттарын насихаттау.
Кімдер қатыса алады:
медициналық колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, медициналық ұйымдардың қызметкерлері.
Үздік жұмыстар келесі номинациялар бойынша анықталады:
• «Антибиотик – кейде құтқарушы, кейде қауіп» –
дұрыс және қате қолданудың нақты мысалдары.
- «Төзімділік бір қате қадамнан басталады» –
антибиотиктерді орынсыз қолданудың салдары туралы қысқа оқиғалар. - «Антибиотикті пайдасыз ететін 5 қате» – танымдық формат.
Бағалау критерийлері: тақырыпты түпнұсқалық тұрғыда ашу, ғылыми дәлдікке сәйкестік, шығармашылық көзқарас пен креативтілік.
Бейнероликтер 2025 жылғы 1–24 қараша аралығында әлеуметтік желілерде – Instagram, Facebook, YouTube платформаларында #WAAWNCPH2025 хэштегімен жариялануы тиіс.
Бейнероликтерге қойылатын техникалық талаптар:
- Хронометраж: 1,5-2 минутке дейін
- Форматы: горизонталды (16:9) немесе вертикалды (9:16) – әлеуметтік желіге байланысты
- Ажыратымдылығы: Full HD (1920х1080) төмен емес
- Файлдың көлемі: 300 МБ жоғары емес
Байқауға қатысу үшін өтінімде көрсетілуі тиіс ақпарат:
• автордың аты-жөні мен байланыс нөмірі;
• бейнероликтің атауы мен сілтемесі;
• әлеуметтік желідегі аккаунттар және жарияланған күні.
Өтінімдерді zhibeken@gmail.com электронды поштасына жолдау қажет.
Байланыс нөмірі: +7 775 480 48 00, Ақниет Жарылқасынова
Бір қатысушы бірнеше жұмыс жібере алады, алайда байқауға бір бейнеролик қабылданады.
Байқау нәтижелері Дүниежүзілік антибиотиктерге төзімділік туралы апта аяқталғаннан кейін жарияланады.
Байқауға қосылыңыз! Сіздің бейнеролигіңіз қоғамның антибиотиктерге төзімділік қаупі туралы хабардарлығын арттыруға өз үлесін қосуы мүмкін.