Дүниежүзілік антимикробтық тұрақтылық туралы ақпараттандыру апталығы қарсаңында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы антибиотиктерге төзімділік тақырыбын үздік жариялаған журналистер арасында байқау жариялайды.
Байқаудың мақсаттары:
• антибиотиктерді дұрыс қолданбаудың тәуекелдері мен антибиотиктерге төзімділіктің салдары туралы халықтың хабардарлығын арттыру;
• антимикробтық препараттарды жауапкершілікпен қолдану мәдениетін қалыптастыру арқылы халық денсаулығын жақсарту;
• бұқаралық ақпарат құралдарының назарын микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігінің өсуі мен оларды ұтымды пайдаланудың маңыздылығына аудару;
• қоғамдық денсаулық сақтау тақырыптарын жариялап, емге саналы көзқарас мәдениетін қалыптастыратын журналистерді ынталандыру.
Кімдер қатыса алады:
Қазақ және орыс тілдерінде жазатын республикалық және өңірлік БАҚ, интернет-басылымдар мен теларналардың журналистері байқауға қатыса алады.
Үздік жұмыстар келесі номинациялар бойынша марапатталады:
• Антибиотиктерді ұтымды пайдалану жөніндегі Дүниежүзілік аптаға арналған үздік журналистік материал;
• Антибиотиктерді жауапкершілікпен қолдану мәдениетін қалыптастыруға бағытталған үздік телесюжет;
• Антибиотиктерді ұтымды пайдалану туралы үздік өңірлік материал.
Материалдарды бағалау кезінде олардың өзектілігі, шынайылығы, нақтылығы, мазмұнның түсініктілігі және креативтілігі ескеріледі.
Байқауға 2025 жылғы 10–24 қараша аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, телеарналар эфирінде көрсетілген материалдар қабылданады.
Өтінімде көрсетілуі тиіс ақпарат:
• автордың аты-жөні және байланыс нөмірі;
• материалдың немесе сюжеттің атауы мен сілтемесі;
• жарияланған басылымның/телеканалдың атауы және жарияланған немесе эфирге шыққан күні.
Өтінімдерді zhibeken@gmail.com электронды поштасына жолдау қажет.
Бір автор бірнеше материал жібере алады, бірақ байқауға бір ғана материал қатысады.
Байқау қорытындылары Дүниежүзілік антибиотиктерге төзімділік апталығы аяқталғаннан кейін жарияланады.
Байқауға қатысып, қоғамның антибиотиктерге төзімділік қаупі туралы хабардарлығын арттыруға өз үлесіңізді қосыңыз! Сіздің материалыңыз болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтауға бағытталған маңызды қадам болуы мүмкін.