2025 жылғы 16 қыркүйек пен 23 қазан аралығында Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы бастапқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК) мамандарына арналған «Созылмалы обструктивті өкпе ауруының (СОӨА) алдын алу және ерте анықтау» тақырыбында оқыту семинарлар сериясын өткізуде.
Семинарлардың мақсаты – БМСК деңгейінде СОӨА-ның алдын алу, диагностикасы және науқастарды жүргізу мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің білімін және кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Оқыту барысында СОӨА-ның алдын алу мен ерте анықтаудағы заманауи тәсілдер, спирометрия жүргізу әдістері, амбулаториялық деңгейде науқастарды бақылау және ингаляциялық препараттарды дұрыс пайдалану мәселелері қарастырылады.
Іс-шаралар елдің 10 өңірінде – Өскемен, Қарағанды, Жезқазған, Павлодар, Атырау, Семей, Ақтөбе, Алматы, Астана және Шымкент қалаларында өтіп жатыр. Семинарларға өңірлердің жетекші пульмонологтары мен штаттан тыс бас пульмонологтар қатысып, БМСК мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған. Барлығы 207 медициналық ұйымнан 550-ден астам жалпы практика дәрігерлері, терапевтер мен медбикелер қамтылды.
Оқыту Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өткізіліп, БМСК қызметкерлерінің әлеуетін нығайтуға, олардың СОӨА-ны диагностикалау мен алдын алу саласындағы кәсіби және практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Күтілетін нәтиже – медицина қызметкерлерінің хабардарлығын арттыру және тыныс алу мүшелерінің ауруларына шалдыққан науқастарға көрсетілетін бастапқы медициналық көмектің сапасын жақсарту.
Семинар қорытындылары бойынша қатысушылар ұсынылған материалдың практикалық маңыздылығын атап өтіп, осындай іс-шараларды еліміздің басқа өңірлерінде де жалғастыруға қызығушылық білдірді.