14–17 қазан аралығында Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұйымдастырған эпидемиологиялық қадағалау деректерін алмасу мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтуде. Іс-шараның мақсаты – қауіп-қатерлерді бағалаудың тиімділігін арттыру және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы үйлестірілген саясатты әзірлеу.
Талқылау барысында қатысушылар салалар арасындағы деректер алмасуды үйлестіру, қауіптерді ерте анықтау және бағалау үшін талдамалық құралдарды қолдану, сондай-ақ қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіретін оқиғаларға жедел ден қою тетіктерін қарастыруда.