4 қыркүйекте Қазақстан Республикасында 2023–2027 жылдарға арналған антимикробтық препараттарға төзімділікті тежеу жөніндегі іс-шараларды іске асырудың Жол картасының 1.7-тармағын орындау аясында «Антимикробтық резистенттіліктің өзекті аспектілері және АМР жүйесінде зертханалық қызметтің рөлі» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Іс-шара клиникалық-диагностикалық зертхана «ОЛИМП» КДЗ мамандарына арналды.
Семинар барысында қатысушыларға антимикробтық резистенттілікті мониторингілеудің халықаралық тәсілдері, зерттеу нәтижелерін интерпретациялау әдістері және антибиотикограммаларды қалыптастыру ерекшеліктері жөнінде ақпарат берілді.
Сонымен қатар WHONET бағдарламалық қамтамасыз етуінің мүмкіндіктері мен функционалы таныстырылды. Бұл бағдарлама антимикробтық сезімталдық деректерін талдауға арналған және зертхана жұмысына енгізіліп, эпидемиологиялық қадағалауды күшейтуге әрі сапалы аналитикалық есептер қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Антимикробтық резистенттіліктің негізгі мәселелері бойынша мазмұнды баяндамаларды Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мамандары Г. Агажаева, З. Шакенова, Д. Аббасова және А. Жарылқасынова ұсынды.
Қатысушылар семинар материалдарының жоғары практикалық маңыздылығын атап өтіп, антимикробтық резистенттілікке қарсы күресте зертханалық құралдарды одан әрі дамыту қажеттігін жеткізді.