ҚДСҰО мамандары зооноздық қатерлерге ден қою бойынша симуляциялық оқытуда сараптамалық қолдау көрсетті

2025 жылғы 9–10 қазан аралығында Астанада «Бір денсаулық (One Health)» қағидаты аясында зооноздық аурулардың өршуіне ден қою және салааралық үйлестіруді бағалау мақсатында симуляциялық оқу-жаттығу өткізілуде.

Шараға Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының (ҚДСҰО) мамандары фасилитаторлар ретінде қатысып, топтарға әдістемелік және ведомствоаралық өзара іс-қимыл рәсімдерін тәжірибелік тұрғыдан пысықтауға қолдау көрсетіп жатыр.

Оқу-жаттығудың мақсаты – зооноздық аурулардың өршуіне бірлесіп ден қоюға салалардың дайындық деңгейін бағалау, стандартты операциялық процедуралар (СОП) жобасын талқылау және өзара әрекеттесудің нақты элементтерін сынақтан өткізу.

Іс-шараны Қазақстандағы ДДСҰ-ның елдік кеңсесі ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросымен бірлесе отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Оқу-жаттығуға Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы, Экология және табиғи ресурстар, Төтенше жағдайлар министрліктерінің, өңірлік құрылымдар мен бағынысты ұйымдардың мамандары мен сарапшылары, сондай-ақ халықаралық серіктестер – ФАО және Бүкіләлемдік жануарлар денсаулығы ұйымының өкілдері қатысып жатыр.