ҚР ДСМ«Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының вирустық инфекцияларды бақылау референс-зертханасы Ұлттық тұмау орталығының функцияларын атқарады және ДДСҰ-ның тұмауды эпидқадағалау бойынша жаһандық желісіне (GISRS) кіреді.
Зертхана мамандары Қазақстан аумағында айналыста болатын тұмаувирустарына жыл бойы мониторинг, молекулалық-генетикалық зерттеулер жүргізеді, вирустардың оларға қарсы препараттарға сезгіштігін анықтайды және вакциналардың тиімділігіне әсер ететін өзгерістерді айқындайды.
Қазақстан орталығы жұмысының нәтижелері ДДСҰ-ныңхалықаралық деректер базасына енгізіліп, маусымдық вакциналардың құрамынақатысты жаһандық ұсынымдар қалыптастыруда пайдаланылады. Сонымен қатар, орталық өңірлік зертханалардың мамандарын оқыту және пандемияға дайындық бағдарламаларына қатысу арқылы әдістемелік және білім беру функцияларын атқарады.
Осылайша, Ұлттық тұмау орталығы Қазақстанның эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және тұмауға қарсы күрестегі жаһандық ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқарады.