Алматыда FETP Frontline – One Health қолданбалы эпидемиология курсының қорытындысы шығарылды

2025 жылғы 24 қыркүйекте Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен және Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарымен (CDC) ынтымақтастықта Пандемиялық қорды іске асыру шеңберінде өткізілетін «Бірыңғай денсаулық» тәсілімен базалық қолданбалы эпидемиология (FETP Frontline – One Health)» біліктілікті арттыру курсының қорытынды семинары өтті!

Үздік далалық зерттеулер семинардың құрметті қонақтары мен тыңдаушыларына таныстырылды.

Іс-шараны салтанатты түрде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасының орынбасары – Смағұл Манар Асырқызы ашты.

Қатысушылар мен қонақтарға құттықтау сөз сөйлегендер:

  • Қожапова Роза Абзалқызы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары.
  • Скендер Сыла, ДДҰ-ның Қазақстан Республикасындағы өкілі.
  • Алекс Миллман, CDC-дің Қазақстан Республикасындағы Елдік кеңсесінің директоры.
  • Нұртаев Найзабек Латипович, ҚР АШМ ВББжҚК Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары.

Құрметті қонақтар курстың ерекше маңыздылығын және далалық эпидемиологтарды даярлау бағдарламасының 20 жылдан астам тарихын атап өтті.

Семинар соңында қатысушыларға салтанатты түрде сертификаттар тапсырылып, топтық суретке түсті.