Астанада инфекциялардың алдын алу және антимикробтық төзімділікке қарсы күрес бойынша базалық курстың алғашқы аптасы аяқталды

Астанада инфекциялардың профилактикасы және инфекциялық бақылау (ПИИК), сондай-ақ антимикробтық о резистенттілік (АМР) тежеу саласында өткізілген базалық оқыту курсының алғашқы аптасы сәтті аяқталды. Бұл курс медицина қызметкерлерінің әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Пилоттық оқыту бағдарламасы Колумбия университетінің ICAP филиалы тарапынан Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарымен (CDC) тығыз ынтымақтастықта әзірленген. Бағдарлама екі апталық күндізгі семинарлардан, төрт апталық қашықтықтан оқытудан және жұмыс орындарында алынған дағдыларды тәжірибеде қолданудан тұрады.

13 медициналық ұйымнан келген 24 медицина қызметкері мен госпитальдық эпидемиологтар білім алуда. Оқыту процесін менторлар жүргізді: Агажаева Г.О., Шакенова З.Э., Жарылқасынова А.Е., Гончарова А.С., Серікбаева Р.И., Шакратова Д.А., Жұмай А.Н.

Оқу қорытындысы бойынша қатысушылардан оң пікірлер түсті:«Өте көп білім мен дағды алдық. Осындай тренингтердің арқасында эпидемиологтың көкжиегі кеңейіп, күнделікті жұмысқа да, медициналық ұйымдарда эпидемиологиялық қадағалауды жүргізу тәсіліне де көзқарас өзгереді. Материал түсінікті әрі қолжетімді тілде жеткізілді, дәрігерлер үшін өзекті мәселелер қозғалды» деп өз пікірлерін білдірді. Сондай-ақ қатысушылар ұйымдастырушыларға мен менторларға алғыстарын білдірді.