2025 жылғы 16 қыркүйекте ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының базасында Қазақстан Республикасында адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинация мәселелеріне арналған конференция өтті.
Іс-шара гибридті (онлайн/оффлайн) форматта өткізілді. Оған 73 адам офлайн қатысты, ал онлайн көрсетілімді 14 461 көрермен тамашалады.
Конференцияның ұйымдастырушысы – «Алматы эпидемиологтар қоғамы» ҚБ.
Қатысушылар алдында құттықтау сөз сөйлегендер:
• Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Азимбаева Н.Ю.;
• ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма төрағасының орынбасары Смағұл М.А.
Конференция аясында баяндамалар ұсынылды, оның ішінде:
• «Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинация енгізудің кешенді тәсілі: жетістіктері мен болашақтағы міндеттері» (Азимбаева Н.Ю.).
Конференция білім мен тәжірибе алмасудың, сондай-ақ Қазақстандағы вакцинация бағдарламаларын жетілдіру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеудің маңызды алаңына айналды. Іс-шара барысында халықты жатыр мойны обырының алдын алу мәселелері бойынша ақпараттандыруды арттыру мен вакцинациямен кеңіріек қамтуға ерекше назар аударылды.
Конференция сұрақ-жауап сессиясымен аяқталды.