Астанада медицина мамандарына арналған ИПИБ және АМТ бойынша оқыту курсы басталды

Бүгін Астана қаласында инфекциялардың профилактикасы және инфекциялық бақылау (ИПИБ) саласында медициналық қызметкерлердің әлеуетін арттыру және антимикробтық төзімділікпен (АМТ) күресу мақсатында медициналық қызметкерлерге арналған базалық оқыту курсы басталды.

«Инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау (ИПИБ) мен антимикробтық төзімділікпен (АМТ) күрес – бұл науқастардың қауіпсіздігінің, медицина қызметкерлерін қорғаудың және денсаулық сақтау жүйелерінің тұрақтылығының негізі. Бұл шаралар медициналық көмек көрсету кезінде туындайтын инфекциялар қаупін азайтады, антибиотиктердің тиімділігін ұзартуға мүмкіндік береді және өмірді сақтап қалады», – деп атап өтті Басқарма төрағасының орынбасары Смағұл М.А.

Пилоттық оқыту бағдарламасы Колумбия университетінің ICAP филиалымен Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарымен (CDC) тығыз ынтымақтастықта әзірленген. Ол екі апталық күндізгі семинарлардан, төрт апталық қашықтықтан оқыту кезеңінен және жұмыс орнында алған дағдыларды тәжірибеде қолданудан тұрады.