Қазақстанда COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда

Қазақстанда коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық бойынша тұрақты апталық мониторинг жүргізіліп келеді. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері елде 867 расталған КВИ (+) және 7 КВИ (–) жағдайы тіркелген.

Қазіргі уақытта ел бойынша аптасына 40-қа дейін жағдай тіркелуде. Өткен аптада – 15 жағдай анықталды. Барлық жағдайлар медициналық бақылауға алынды, аймақтық бөліністе талдау жүргізіліп, алдын алу шаралары нақтылануда.

Бүгінгі таңда 10 науқас стационарлық ем қабылдап жатыр, барлығы – аурудың орташа ауырлық дәрежесінде. Бұл жағдайды бақыланатын деңгейде деп сипаттауға болады, дегенмен, мамандар сақтық шараларын сақтаудың маңыздылығын ескертеді.

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы келесіні еске салады:

Денсаулыққа байланысты шағымдар (дене қызуы, жөтел, әлсіздік, ентігу) пайда болған жағдайда, медициналық көмекке жүгіну қажет;

Тәуекел топтарына (қарт адамдар, созылмалы аурулары бар азаматтар) вакцинациядан уақтылы өту және санитариялық нормаларды сақтау ұсынылады;

COVID-19 бойынша барлық деректер жүйелі түрде тіркеліп, бақылауда ұсталады.

Жағдай қазіргі таңда тұрақты. Эпидемиологтардың айтуынша, алдын алу шараларын сақтау арқылы індеттің қайта өршуіне жол бермеуге болады.