Қазақстан Республикасында 2025 жылдың ұаңтар-тамыз айларында тамақтан топтық уланулар бойынша ахуал туралы

2025 жылдың сегіз айында Қазақстанда тамақтан жаппай уланудың бірқатар жағдайлары тіркелген. Ауру ошақтары балабақшаларда, мектептерде, интернаттарда, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарында-кафелер мен мейрамханаларда тіркелді. Жекелеген жағдайларда зардап шеккендердің саны балаларды қоса алғанда бірнеше ондаған адамға жетті.

Эпидемиологиялық тексерулер кезінде анықталған негізгі кемшіліктер:

  • өндірістік бақылаудың болмауы (зертханалық зерттеулерге шарттардың жасалмауы, журналдардың іс жүзінде жүргізілмеуі немесе мүлдем болмауы);
  • персоналдың жеке гигиенаны сақтамауы (медтексерулерсіз, медициналық кітапшасыз жұмыс істеу, арнайы киім және қолғап кимеу; тағам блоктары жұмыкерлерінің арасында инфекция тасымалдаушыларының анықталуы);
  • технологиялық үдерістердің бұзылуы (шикі және дайын тағамдарды араластыру, балалар үшін рұқсат етілмейтін тағамдар дайындау, тағам дайындауда бірізділікті сақтамау);
  • растаушы құжаттары жоқ тамақ өнімдерін пайдалану (азық-түлік шикізаты мен дайын тамақ өнімдері сертификатсыз сатып алу, сақтау жағдайларын бұзу және жарамдылық мерзімдері өткен тағам өнімдерін пайдалану);
  • объектілердің санитарлық жағдайының қанағаттарлықсыз болуы (эмалі кеткен ыдыс-аяқты, таңбаланбаған мүккәмалды қолдану, дезинфекциялаушы құралдардың болмауы, үй-жайларды тазалаудың сапасыз болуы).

Бизнестің жауапкершілігі

ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы санитарлық қағидаларды сақтау ресмилік емес, міндет екенін атап өтеді. Медициналық тексерусіз және өндірістік бақылаусыз жұмыс істеу заңнаманы бұзу болып табылады. Сапасыз тамақ өнімдерін пайдалану және технологияны сақтамау адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.

Халыққа берілетін ұсынымдар:

  1. Тамақтану орындарын таңдаған кезде үй-жайлардың санитарлық жағдайына және персоналдың сыртқы түріне назар аудару керек.
  2. Тамақтану орнының тіркеу құжаттарын және тамақ өнімдерінің қауіпсіздік сертификаттарының болуын тексеру керек.
  3. Тамақ жеткізу қызметінің сапасына назар аудару, өндірістік бақылаудың болуын және жұмыскерлердің медициналық тексеруден өтуін нақтылау керек.
  4. Үйде тамақ өнімдерін сақтау ережелерін сақтаған жөн, шикі ет пен дайын тағам өнімдерінің бірге сақталуын болдырмаған дұрыс.
  5. Балалардың тағам рационын бақылау қажет, олардың жасына сәйкес келмейтін тағамдарды (суши, ысталған тамақ өнімдерін, пицца және басқ.) бермеу керек.
  6. Санитарлық қағидалардың бұзылуы анықталған жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарына жүгінген дұрыс.

ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы тамақтан уланудың алдын алу тамақтану объектілері иелерінің, сонымен қтар тұтынушылардың да жауапкершілігінсіз мүмкін емес екенін еске салады. Санитарлық нормаларды бұзудың әр жағдайы халық денсаулығынағ ең алдымен балалардың денсаулығына қауіп төндіреді.