Шымкент қаласында имундау мәселесі бойынша тренинг өткізілді

2025 жылғы 05-07 тамыз аралығында Шымкент қаласында Қызылорда, Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының 30 медицина қызметкерлеріне арналған «Иммундауға арналған тұлғааралық коммуникация» тақырыбы бойынша тренинг өткізілді.
Оқыту ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) бірлесіп Жұмыс жоспарын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – медицина қызметкерлері арасында вакцинация мәселелері бойынша тиімді тұлғааралық қарым-қатынас және халықпен өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту, вакцинопрофилактикаға және халық пен денсаулық сақтау жүйесі арасында байланысты күшейту.
Тренинг барысында Қазақстанда иммунопрофилактика бойынша ағымдағы жағдай және мәселелері туралы ақпарат ұсынылды, конструктивті және этикалық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, жеке теріс пікірді жеңуге, иммундау саласындағы жалған ақпаратқа қарсы тұруға, ата-аналармен және қамқоршылармен заманауи коммуникация құралдарын қолдануға бағытталған медицина қызметкерлерінің коммуникативтік дағдыларын көрсетті.
Тренинг жабылу рәсіміне Шымкент қаласының денсаулық сақтау баскармасының Ана мен баланы қорғау бөлімінің міндетін атқарушы басшысы Салыкова Ильмира қатысып, тренингті ұйымдастырушылар мен қатысушыларға иммунизация саласындағы белсенді жұмыстары мен кәсіби құзыреттерін дамытуға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.
Мұндай іс-шаралар денсаулық сақтау саласындағы тұрақты коммуникациялық жүйені дамытуға және Қазақстан Республикасында балалар мен ересектер арасында иммундауды жоғары деңгейде қамтамасыз етуге ықпал етеді.