Астанада медицина қызметкерлеріне арналған иммунопрофилактика саласындағы тұлғааралық коммуникация бойынша тренинг өтті

2025 жылғы 5–7 тамыз аралығында Астана қаласындағы «Марден» бизнес орталығында Қазақстан Республикасы медицина қызметкерлеріне арналған «Иммундауға бағытталған тұлғааралық коммуникация» тақырыбында оқыту тренингі өтті.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Халықтың денсаулығын сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК және БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырды.

Тренингтің ашылуында сөз сөйлеген М.Ж. Султанова қатысушыларды құттықтап, халықпен тиімді диалог орнатудың, әсіресе вакцинация саласында, қоғам сенімін қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.

Оқыту курсының мазмұны төмендегі бағыттарды қамтыды:

Қазақстандағы ұлттық екпе күнтізбесі және вакцинацияны қамту көрсеткіштеріндегі үрдістер;

Вакциналардың әсері мен халық денсаулығына пайдасы туралы түсіндіру тәсілдері;

Иммундау тарихы бойынша бейнематериалдармен жұмыс;

Медициналық мекемелерден тыс жерде коммуникация жүргізу әдістері;

Үйге бару тәсілдері, қауіптенетін топтармен және қоғам көшбасшыларымен жұмыс;

Жалған ақпаратпен күресу және қауесеттерді басқару тәсілдері.

Тренинг барысында қатысушылармен танысу, тәжірибе алмасу, оқыту материалдары мен жұмыс принциптері ұсынылды. Топтық жұмыстар арқылы практикалық дағдылар пысықталып, коммуникациялық құралдарды қолдану тәсілдері талқыланды.

Оқыту қорытындысы бойынша тестілеу өткізілді, сондай-ақ өңірлерде бұл курстың жалғастырылу мүмкіндіктері талқыланып, қатысушыларға сертификаттар берілді.