Жастар денсаулық орталықтарының психологтеріне арналған оқыту тренингі

2025 жылғы 29–31 шілде аралығында аймақтық Жастар денсаулық орталықтарының (ЖДО) психологтеріне психикалық денсаулық пен психоәлеуметтік қолдау (ПӘҚ) бойынша Нұсқаулық пен Стандартты енгізу мәселелеріне арналған оқыту тренингі өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы және Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ).

Қатысушыларды ҚДҰО Басқарма төрағасының орынбасары Назарова С.А. құттықтап, тренингтің негізгі мақсаттарын атап өтті: ПӘҚ көрсетуге бірыңғай тәсілді қалыптастыру, мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыру және ЖДО қызметтеріне тиімді алгоритмдерді енгізу.

Тренинг барысында қатысушылар Нұсқаулықтың негізгі ережелерімен кеңінен танысты, соның ішінде:

* психикалық денсаулықты үздіксіз континуум ретінде қарастыру тұжырымдамасы;
* мінез-құлыққа байланысты қауіп факторлары;
* гендерлік, жастық және құқықтық ерекшеліктер;
* психолог, психиатр және жалпы практика дәрігері арасындағы функциялардың шекаралары.

Тәжірибелік көмек көрсету аспектілеріне ерекше көңіл бөлінді, атап айтқанда:

* мазасыздық пен депрессиялық жағдайлардың, эмоционалдық күйзелістің алдын алу;
* суицидтік мінез-құлықпен жұмыс істеу және ата-аналармен өзара әрекеттесу;
* жасөспірімдер арасындағы жүктілік, АИТВ және жыныстық даму ерекшеліктерін сүйемелдеу;
* зорлық-зомбылық, буллинг және кибербуллинг жағдайларын анықтау және оларға ден қою;
* тәуелділікпен жұмыс істеуде мотивациялық интервью техникасын қолдану.

Тренингтің қорытынды кезеңінде мамандар топтарға бөлініп, нақты жағдайларды талдап, алған білім негізінде жүйелі көмек көрсету маршруттарын әзірлеген кейс-марафон өтті.

Оқыту соңында пост-тест ұйымдастырылып, барлық қатысушыларға жеке сертификаттар табысталды.

Аталған іс-шара жастардың психикалық денсаулығын қорғау және аймақтарда сапалы психоәлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын жүзеге асырудағы маңызды қадам болды.