Жөргектернәресте күтімінің ажырамас бөлігі болып табылады. Алайда, кейбір өнімдерде баланың денсаулығына қауіпті заттардың болуы мүмкін екенін ойлай бермейміз. Баланың қауіпсіздігі мен оған жайлылық қамтамасыз ету үшін жөргектерді токсикологиялық тұрғыдан қалай таңдауға болатынын қарастырайық.
1. Өнімнің құрамына назар аударыңыз. Сатып алу кезінде қаптаманы оқыңыз. Хош иістендіргіштер, бояғыштар, лосьондар, гельдер мен хош иістендіргіштері бар жөргектерді сатып алудан аулақ болыңыз, өйткені олардың құрамындағы формальдегидтеріні тітіркендіреді, аллергиялық реакцияларды тудырады; фталаттаргормоналды тепе-теңдікті бұзуы мүмкін; диоксиндерканцерогенді болып табылады, кейде хлормен ағартылғаннан кейін қалады;ББЗ (беттік белсенді заттар)нәрестенің терісі үшін агрессивті болуы мүмкін.
2. Гипоаллергенді материалдарды таңдаңыз. Жөргектер уытты емес, токсикологиялық тексеруден өтіп, сертификатталған материалдардан жасалуы керек. Мынадай:
– «Dermatologicallytested»;
– “Хлорсыз”;
– “Хошиістендіргіштерсіз”;
– OEKO-TEX, ISO, EcoCert және т. б. сертификаттарыбелгілерін іздеңіз.
3.Химиялық заттардың көп болмауы. Сіңдіргіштері бар және тыныштандыратын лосьондардан аулақ болыңыз. Олардың құрамында табиғи сығындылар болса да, нәрестелерде мұндай жөргектерге жеке төзімсіздіктіңкездесуімүмкін.
4. Токсикологиялық сынақтардан өтуі:
– Жауапты өндіруші өнімінің токсикологиялық қауіпсіздігі: теріге жергілікті тітіркендіргіш, сенсибилизациялық және уытты әсердің болмауытуралы ақпарат береді. Мұндай деректер зертханалық зерттеулермен расталады.
5. Экологиялық тазажөргектер олардың қауіпсіз екенін білдірмейді:
– Кейбір “био” және “эко” жөргектер шынымен қауіпсіз, бірақ бәрі бірдей емес. Тіпті табиғи компоненттердің өзі тітіркенуді тудыруы мүмкін. Маркетингтік жарнамаларға сенбей, жөргектердің неден жасалғанын тексеріңіз.
Жөргектерді олардың ыңғайлылығы мен бренді үшін ғана емес, сонымен қатар токсикологиялық қауіпсіздігі үшін де таңдаңыз. Баланың терісі өте сезгіш, ал ата-ананың міндеті- бұл баланың қауіптілігізаттармен байланысын азайту.